Автор: Айнагул

#
Сәлеметсіз бе! Маған жер берілетін еді бірақ мен тізімнен жоқ болып шықтым. Қай жаққа хабарлассам болады? Менің 13 жылдай болып қалды елбасыма жазған хатым бар еді сонын жауабын кімнен қалай ала аламын? Көмектесе аласыздарма
Ответ
!

Талғар ауданы әкімдігінің электронды сайтына келіп түскен Айнагул (rustemovafatima537@gmail.com) 2020 жылдың 05 мамырында жазған өтініші қаралып, төмендегіні хабарлаймыз.

         Қолданыстағы жер заңнамаларының талаптарына (ҚР ЖК 43-44 бабы) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, жергілікті атқарушы орган жер учаскесін беру мәселесін мүдделі тұлғалардың өтініші негізінде қарайды.

         Жер учаскесін алуға мүдделі жеке тұлға ретінде, өтініш иесі  сұралып отырған жер учаскесі орналасқан жергілікті атқарушы орган жазбаша өтініш және оған қосымша жеке куәлігінің көшірмесін тапсыруы қажет.  

         Сондықтан, Сізге өзіңіз таңдаған ауылдық округ әкімшілігіне барып тиісті құжаттар мен өтініш беру арқылы жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алу кезегіне тұруыңыз қажет.

         Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін беру туралы жазған өтініш жеке тұрғын үй құрылысы үшін инфрақұрылымдары бар алаңдар дайын болған жағдайда кезектің келуіне қарай қанағаттандырылады.

         Сонымен қатар, аталған заң талаптарында жер учаскелерінің бөліну кезінде жеңілдіктер қарастырылмаған және кезекте тұрған азаматтардың құқықтары тең болып саналатынын хабарлаймыз.

         Жауаппен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Жеке және занды тұлғалардың өтінішін қарастыру туралы» Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

 

Добавлен: 5.05.2020 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
4 января