Автор: Олжас

#
Ассаляму алейкум құрметі Жолан Ыбрайахынұлы, сіз қаламыздың әкімі болып тұрғанда біздің көшемізге асфальт төселеді деп үміттенеміз. Осыдан бір жылдай бұрын 2019 жылдың қыркүйек айында осы сайт арқылы біздің көшеде асфальт жоқ екені, және бұрын соңды мүлдем асфальт бирде бир рет болмағаны туралы жазған болатынмын, мен Талғар қаласындағы Кенесары хан (бұрынғы К.Маркс) көшесі туралы айтып отырмын, көрші көшелеріміздің бәріне 2018 жылы асфальт төселді, бірақ Кенесары хан көшесін айналып өтті өкінішке орай (халық арасында қағаз жүзінде асфальт төселген деген сыбыстар жүр). Алдынғы хабарласқанымда көшені тексеріп, акт толтырып 2020 жылдың бюджетіне қосамыз деп жауап берген еді, осыны өз қадағалауыңызға алсаңыз деп өтінемін.
Ответ
!

«Талғар ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі келесіні хабарлайды.

    Талғар ауданы әкімінің 2019 жылдың 2-ші қазанындағы №10-569 «Талғар аудандық коммуналдық меншіктегі ауыл (қала) ішіндегі автомобиль жолдарын жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншік деңгейіне беру туралы» қаулысына сәйкес, Талғар қаласының  көшелері «Талғар қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің теңгеріміне өткізілген.

    2017 жылы жүргізілген паспортизацияға сәйкес,  Талғар қаласының Кенесары көшесінің ұзындығы 0,44  км құрайды. Жол жөндеу жұмыстары «Талғар қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің бюджеттік өтініміне сәйкес жүргізіледі.

 Осыған байланысты, «Талғар қаласы әкімінің аппараты» ММ-не Кенесары көшесіне шығып, тексеру жүргізіп, қажетті жұмыс түрін анықтап, "Талғар ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ-не 2021 жылдың бюджеттік өтініміне енгізу туралы тапсырма берілгенін хабарлаймыз.

 

Добавлен: 12.06.2020 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
4 января