Тұңғыш Президент күні аталып өтті


30 қараша күні Тұздыбастау ауылындағы Мәдениет Үйінде аудан әкімі Рыскелді Сатбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс шара болып өтті. Іс шараға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауданның құрметті азаматтары және ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты шара барысында көрме ұйымдастырылып, ауданның белсенді мамандарына алғыс хаттар тапсырылды. Кеш концерттік бағдарламамен көркемделді. 


 
Дата публикации: 30 ноября 2018 г.