Болашаққа – үміт, жастарға – сенім!


Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, бүгін, Талғар ауданы,Талдыбұлақ ауылы Капиза Абдіғұлұлы атындағы мектеп қабырғасында.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай және еңбек ардагері Сатымхан Каримұлын еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы облыстық турнир өз жалауын көтерді. Жарыстың ашылу салтанатына Талғар ауданының әкімшілік өкілдері мен спорт бөлім басшысы Нұрманов Аманжол мырза, ауданның ауған соғысы және спорт ардагер батыр ағалар бастаған бір топ құрметті қонақтар келді. Аталған додаға облысымыздың әр аудандары мен ауыл округтарынан 200 астам жасөрен спортшылар жиналып өз ара мықтыларын анықтауда. Осы сайысты ұйымдастырушы Сатымхан ағамыздың ұрпақтарына алғысымыз шексіз, осындай жас бала балуандарға спорттық-патриоттық бағытта рухани азық болатын игі шаралар көп болсын демекпіз!. Қазақтың батыры елағасы Жақсылық Үшкемпіров ағамыз айтқандай елiмiздің ар ауылынан өз ауылына жанашыр иық демеу болатын қазақтың жігіттері шықса деген ниеті қабыл болып келе жатқандай, Шүкір!. Турнирге жиналған жасөрен балуандардың жеңіске деген құлшыныстары мен серпіністері бойларынан байқалады. Бұл дегеніміз еліміздің салауатты қоғам құрылудағы бағыты мен мақсатына, бапкерлеріміздің атсалысып еңбек етіп үлес қосулары ұшан теңіз. Жарыс екі күнде кіл мықтыларды анықтап, чемпиондар мен жүлдегерлерге диплом медаль кубок және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Ынтымағы жарасқан жасасын қазақ жігіттері!. Жеңісті күндеріміз көп болсын!. Қазақ спорты жасасын

Жандос Аянбек


 
Дата публикации: 4 декабря 2018 г.