Талғар қаласында жаңа спорт мектебі ашылды


Бүгін Талғар қаласында 180 орындыққа арналған дене шынықтыру сауықтыру кешенінің және «Алмалы» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашылу салтанаты болып өтті. 
180 орындыққа арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің негізгі корпусында: жаттығу залы, мәжіліс залы, функционалдық жаттығулар, ойын залы, күрес залы, бокс залы, сонымен қатар, территориясында волейбол, баскетбол, футбол спорттық алаңдары, стадион және 400 орындық көрермен трибунасы бой көтерді. 56 жаңа жұмыс орыны ашылды. 
Спорт кешенінің ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек ері -Жақсылық Үшкемпіров, бокстан Афина Олимпиадасының чемпионы – Ермахан Ибраимов және тағы басқа құрметті қонақтар қатысты.


Фото: Талғар газеті

 
Дата публикации: 27 декабря 2018 г.