Астананы «Нұрсұлтан» деп өзгерту орынды


Елбасы мен Астана – егіз ұғым екені баршаға мәлім!  Қа­зір­гі таңда Астана – әлем мойындаған  қала, үлкен  әлеуметтік мәсе­лелерді шешудегі саяси орталыққа айналып отыр.

Тәуелсіз мемле­кетіміздің жаңа астанасын қалыптастыру – Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының үлкен еңбегінің жемісі.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай,  Елорданың атауын «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» деп ауыстыруды ҚР Мәжіліс депутаттарының атынан Қ.Сұлтанов ұсыныс білдірген.

Сонымен қатар, Елорданы Президенттің есімімен атау туралы идеяны, Астана күні мемлекеттік мерекеде қазақстандықтарды құттықтау лебізін білдіргеннен кейін, Кеңестер Одағының тұңғыш ғарышкері-Валентина Терешкова да ұсынған болатын.

Н.Назарбаев:  «Бірдеңе болса, соған «НҰР», «НҰРЛЫ» деген сөзді қосады, соның бәрі менің жеке басыммен қатысты деп ойлайды, мен тапсырма берді деп ойлайды. Тіпті кеше ғана Парламент Астанаға менің атымды беру туралы болжам жасапты. Мен ондай болжам жасаған емеспін және ол туралы тіпті айтқан емеспін» деп өз пікірін білдірген еді.

Шынында, Астанадай тамаша қала- аз уақыттың ішінде пайда болып, одан ары қарай қарқынды даму нәтижесінде әлемнің 50 ең дамыған елдерінің қатарынан орын алғаны — барлағымыздың, бүкіл қазақстандықтардың кеуделеріне  мақтаныш ұялатады, келешекке деген зор сенімдерін  оятады.

Сондықтан, 30 жылдан аса ел басқарып, осындай дәрежеге жеткізген Елбасымыздың атқарған еңбегін ерекше бағалап,  Еліміздің жүрегі-  Астана қаласын «Нұрсұлан» есімін беру ұсынысы орынды деп білемін.

С.Мыктыбаева,

Панфилов ауылдық округі

әкімінің орынбасары.

 
Дата публикации: 24 марта 2019 г.