Алматы облысында жыл басынан бері 14 адамның құқығы қорғалған


Бүгінгі таңда азаматтар мен қоғамның қажеттіліктеріне бағытталған мемлекеттік аппарат құру – ел дамуындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Қолданыстағы заңнаманың бұзушылықтарын төмендету, кәсіби деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметке халықтың сенімін арттыру мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне келіп түскен арыздарға тұрақты түрде  мониторинг жасалынады.

2018 жылы жеке және заңды тұлғалардан 1001 өтініш келіп түскен, барлық өтініштер тіркеуден өтіп және заңға сәйкес бірде-бір өтініштердің қарау мерзімдері бұзылмай, жауаптары қайтарылған.

Сондай-ақ, «Бизнес пен инвестицияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғау» атты жобасына сәйкес, Департаментпен кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде. Кеңсеге кәсіпкерлерден келіп түскен 42 өтінімнің, 40 кәсіпкерлеріне құқықтық-кеңес берілді.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қабылданған өтініштер саны 219, өтініштерді қарау нәтижесі бойынша келесі шаралар қабылданды: 65 өтініш уәкілетті органға жолданды, 18 өтінішті қарауды тоқтату туралы өтініштер келіп түсті, 2 иесi бүркемеленген өтiнiштер, 40 мемлекеттік қызмет туралы түсініктеме берілді, 94 шағым құзырет шегінде қаралды.

Департамент «асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде Алматы облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің іс-әрекетіне «Алсад Қазақстан» ЖШС директорының өтінішін қарады. Аталған өтініш негізінде департаментпен «Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексеру нәтижелері бойынша басқарма өтінімді мақұлдау туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға дер кезінде жібермегені, сондай-ақ басқарма «Алсад Қазақстан» ЖШС өтінішті қарау мерзімін бұзғандығы анықталып, департаменттің ұсынымдары негізінде басқарманың бас маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ендігі кезекте 2018 жылдың тамыз-желтоқсан айларында тауар өндірушінің мақұлданған өтінімдері толық көлемде төленіп, қызмет алушы «Алсад Қазақстан» ЖШС құқықтары қалпына келтірілді.

Мемлекеттік қызметтің сыншысы - халық екенін ескерсек, азаматтарымыздың құқығын қалпына келтіру – қызметтің абыройын арттырады.

 
Дата публикации: 9 апреля 2019 г.