Поздравление акима района с Днем Великой Победы!


Құрметті аудан тұрғындары, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін – жанарға жас толтыратын, ерлікке тағзым жасалатын, адамзат тарихында ерекше орын алатын қасиетті мереке! Жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген мейрам!

Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, ардагерлеріміздің, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс соғыс ардагерлерінің Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де батыр бабаларымыздың осы ұлы ерліктерінің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Сондықтан, осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Құрметті ардагерлер!

Сіздер жасаған ерлік ешқашан өшпейді. Ол ұрпақтар есінде мәңгі сақталады. Осынау, Ұлы жеңіс күні – Сіздерге зор денсаулық, балаларыңыз бен немерелеріңізге жарқын болашақ, бақ-береке, еліміз бен жерімізге бейбіт өмір тілеймін.

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
______________________________________________________

Дорогие ветераны войны и труда!

Уважаемые жители района!

Сердечно поздравляю Вас с Днем Победы в Великой Отечественной войне!

В этом году мы отмечаем 75-летнюю годовщину Великой Победы, праздника нашей гордости и славы, героизма и стойкости народа!
По своим масштабам и последствиям эта война не имеет аналогов в истории человечества.
Победа в той войне была добыта ценой неисчислимых жертв и страданий миллионов людей, оплачена жизнями наших отцов и дедов.
Своим мужеством и верой в победу, самоотверженным трудом во имя Родины они сумели сделать невозможное - победить в неравном бою. Они сражались за право жить на своей земле, за право говорить на родном языке, иметь свои традиции и культуру.
Многие из ушедших на фронт не вернулись к родным очагам. Вечная им слава.

Дорогие ветераны, труженники тыла!

Спасибо Вам за мужество и стойкость, за беззаветную веру в правое дело. Ваш великий подвиг, весь жизненный путь – всегда будут служить образцом высокой нравственной и духовной крепости, ярчайшим примером патриотизма.

От души желаю Вам здоровья, благополучия и успехов!

С праздником!

С Днем великой Победы!

 
Дата публикации: 9 мая 2020 г.