Мәдени қызметіміз – көпшілікке арналады


«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін «Ұлттың рухы-ұлттық өнерде» атты лекция концерт ауданымызда жүзеге асып жатыр. Жуырда Талғар қаласындағы № 49 орта мектебінде «Ұлттық өнер атадан қалған мұра» тақырыбында концерт өтті.
«Жыр, терме» тақырыбында ұлттық құндылықтарымызды дəріптейтін концерт барысында ұлтымыздың жыршылық, термелік өнері дəріптелді. Жастарды өнерге баулып, үйретіп, əрі насихаттап жүрген жезтаңдай жыршы, ҚР Мəдениет ісіне еңбегі сіңген өнер қайраткері, Сыр өңірі-жыр өңірінің тумасы Набат Ойнарова мектеп ұжымымен, оқушыларын тамаша жыр, термелерімен сусындатты. Нұртуған дəстүрлі жыршылық, ақындық өнер мектебінен
тəлім алып, қанат қаққанын алға тартып, өзі де осы мақамды ұстанатындығын айтты. Кездесу барысында жыршы Набат Ойнарова үкілі домбырасын қолына алып, сөз маржанын тізбектей саз мақамына сала жырлай жөнелді. Сонымен қатар, аталған іс- шарада жыршы Набат Ойнарованың шəкірттері де өз өнерлерін көрсетті. Жыршы шəкірттерінің бірі – 9 «а» сынып оқушысы Əділет Смайыл да қазақтың қара домбырасын қолына алып,
өз өнерін көрермендерге ұсынды. Жыршы Набат Ойнарова өз шəкірттерімен бірге қазақтың ұлттық жыр, терме өнерін дəріптеп қана қоймай, осынау баға жетпес рухани құндылығымызды жас ұрпақтың санасына сіңірді. Өнер адамдарының еңбегіне тəнті болған мектеп оқушылары маңызды шарадан мол мағлұмат алып, рухани азыққа қанығып, тың серпінмен тарқасты.
Р.S.Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы «Мəдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мəдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, əлемдік мəдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің төл мəдениеті арқылы ғана басқаға танылады», - деп айтқан болатын. Расында, қазақтың өзге елдер алдында мақтана алатындай рухани байлығы мол. Байлығымыз ортаймасын.

 
Дата публикации: 7 ноября 2017 г.