Шаттық сыйлаған шырша мерекесі!


№7 мектеп-гимназиясының шаңырағының ауласынан бастап, жасыл шырша бой түзеген мектептің кең дəлізі мерекелік үрдіске сай  қызылды-жасылды жалаушалармен, жалт-жұлт еткен ойыншық, гирляндалармен,тартымды көрнекі құралдармен безендіріліп, қалықтай ескен көңілді əуен бəрі де жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекені əрлендіре түскен. Игі шараға аудан бойынша ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған жəне көпбалалы отбасылардың (жалпы саны 119) балалары жиналды. Түрлі ертегі кейіпкерлерінің бейнесіндегі жаңа жылдық костюмдер киген балақайларды əсем əн, көңілді биге шақырған мейірімді Фея алғашқы құттықтау сөз кезегін игі шара ұйытқысы болған аудан əкімі Райхан Садықоваға берді. Жиналған бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған аудан басшысы ақжарма тілегін білдірді. Əкім шыршасы əртүрлі кейіпкерлер
қатысқан музыкалық композициямен өріліп, думанға ай налды. Ұйымдастырушы өнерпаз дар ертегі кейіпкерлері – қораз, арыстан, пингвин, Маша мен аю бейнелеріне еніп сахналандырылған көріністер ұсынды.
Қойы лымдардың əсерлі болғаны соншалық, жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер қиял- ғажайып ертегілер əлеміне саяхат жасағандай күйге бөленді. Жасыл шыршаны айнала шырқалған əсем əн, орындалған ырғақты
билер, қызықты ойындар – бəрі де мерекені қыздыра түсті. Ертегінің шарықтау шегі Аяз ата, Ақшақар жəне табалдырығымыздан атта ғалы отырған ит жылы кейіпкерлерімен бірге жасыл шыршаның жанында жалғасып,
балалар да өз өнерлерін ортаға салды.  Балақайлар Аяз Атамен бірге Жасыл шыршаның шырағын жағып, мəз-мейрам болды. Əн-бимен əрленген шырша мерекесі мектептің жиынжайында жалғасын тауып,
балалар «Жаңа жыл сыйы» атты қойылымды тамашалады. Одан соң мектеп асханасында жайылған кең дастарханнан дəм татты. Бұл күні балаларға тəттілер салынған сыйлықтар мен қыстық сырт киімдер, оқуға
қажетті құралдар үлестірілді. Иə, дана халқымыз «қуанса, бала қуансын» деп тегін айтпаған. Ыстық ықылас пен жылы пейілді сезініп, мол базарлыққа кенелген періште көңіл бүлдіршіндердің жүздеріне шуақ,
көңілдеріне көктем ұялатқан əкім шыршасы олардың есінде ұзақ сақталары анық.

 
Дата публикации: 5 января 2018 г.