Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Талғар ауданына іс-сапармен келді


12 маусым күні ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары іс-сапармен келді. Сапар барысында ең бастысы ауыл шаруашылық саласындағы кадрларды дайындау және IT-технологияларды ауыл шаруашылық өндірісіне енгізу мәселелері қаралды. Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Омаров Сапархан Кесікбайұлы бастаған депутаттар Нұра ауылдық округіндегі "Амиран агро" және Панфилов ауылдық округіндегі "Байсерке агро" зауыттарының өндірісімен жан-жақты танысып, өңірдің ауыл шаруашылық саласына жоғарғы деген баға берді.



 
Дата публикации: 12 июня 2018 г.