Қысқы мерзімге дайындық барысы


Бүгін аудан әкімі Рыскелді Сатбаев ауданның жолдарын қыс мерзімде қамтамасыз ететін мекемелердің арнайы техникаларының дайындығымен танысты.

Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1295 км. құрайды оның ішінде:

Аудандық маңызы бар жолдар 1026 км.

Облыстық  маңызы бар жолдар 172км.

Республикалық маңызы бар жолдар 97 км.

2018 жылдың I- IV тоқсанындағы  қысқы уақытта Талғар қаласының 36 көшесіне яғни 31 км  жолдың қарын тазалау жұмыстарына бюджеттен 16,7 млн.тг. бөлінді, жұмыстарды ЖК «Данияр» атқарады. I-тоқсан бойынша 6,6 млн.тг. игерілді.  IV тоқсан жұмыстарына 10 млн.тг. қаражат қарастырылған.

Сонымен қатар, өткен жылы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгерімінен аудан теңгеріміне 65 шақырым жолды қабылдап алдық. Осы жолдың 28 км.-іне қар тазалау жұмыстарын жүргізуге қосымша 23 млн.тг. қаражат қажет.

ЖК «Данияр» мекемесінің техникаларының тізімі:

1.     Тұз-құм лақтырғыш КАМАЗ (песка разбрасыватель) - 3 дана ;

2.     Грейдер – 1 дана;

3.     Тиегіш (погрузчик) – 1 дана;

4.     Трактор (щетка, лопата)  – 1 дана;

5.     Самосвал (қажетті кезде ғана қолданылады) – 1 дана;

Қосымша 1 дана Грейдер және 1 дана Трактор (щетка, лопата) техникажалға алынады.

Инертті материалдар қоры мынадай: 100 тн. отсев және 35 тонна тұз қоры бар. Аталған мекеменің құм-тұз қоспасын сатып алуға «Алтын дән» ЖШС  карьерімен келісім шарт жасалынған.

Республикалық маңызы бар жолдар бойынша қысқы мезгілдіе қар тазалау жұмыстарын «ДЭУ 21» ЖШС мекемесі атқарады. Аталған мекеменің 13 техникасы бар олар:

1.   Камаз 3 дана;

2.   Фатон- 1 дана;

3.   Трактор – 2 дана;

4.   Тиегіш (погрузчик) 2 дана;

5.   ЗИЛ  2 дана;

6.   Автогрейдер 3 дана;

Қосымша 4 дана КамАЗ және Құм лақтырғыш 4 дана техника жалға алынады.

Инертті материалдар қоры мынадай: 5000 тн. отсев және 500 тн. тұз қоры бар.

Облыстық жолдарға қысқы мерзімде қар тазалау жұмыстарын «Есік жолдары» ЖШС  мекемесі жүргізеді. Аталған мекеменің 20 техникасы бар олар:

1.   Газель 2 дана;

2.   Грейдер 2 дана;

3.   Құм лақтырғыш 1 дана;

4.   Самосвал 6 дана;

5.   Тиегіш (Погрузчик) 2 дана;

6.   Қар тазалағыш (Снега уборщик) 1 дана;

7.   Трактор щеткамен күрекпен 2 дана;

8.   ЗИЛ 1 дана;

9.   Паз 1 дана;

10.                    Экскаватор 1 дана;

Инертті материалдар қоры мынадай: 1000 тн. отсев және 300 тн. тұз қоры бар.


 
Дата публикации: 6 ноября 2018 г.