Отчет по оказанию государственных услуг за 1 полугодие 2018 года


Талғар ауданында барлық мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

Мемлекеттік қызметтер мынадай қағидаттар негізінде көрсетіледі: көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында, жылдық жоспарға сәйкес 3 бақылау іс-шараларын жүргізді. Жоспарға сәйкес 2 мемлекеттік мекемесі, 1 ведоствалық бағынысты мекеме тексерілді. Олар:

* «Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі;

* «Талғар ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ-сі;

* Талғар қаласының № 2 орта мектебі;

Тексеру нәтижесінде келесі кемшіліктер анықталды:

Көрсетілген мемлекеттік қызметтін сапасына сын-пікірлерін жазатын журналдары жоқ;

ХҚКО арқылы келіп түсетін құжаттарды тіркеу журналдары жоқ;

Белгіленген стендтерінде толық ақпараттар көрсетілмеген және т.б.

Бүгінгі күнге аталған кемшіліктер түзетіліп, толығымен жойылды.

Жалпы Талғар ауданы бойынша 107 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның 100-не регламенттері бекітілген.

2018 жылдың бірінші жартыжылдықта көрсетілген мемлекеттік қызмет жалпы саны – 20569, оның қағаз түрінде – 574 қызмет, мемлекеттік органдардың ХҚКО арқылы көрсетілмейтін, қағаз түрінде көрсетілген бірақ электрондық түрде «электрондық мемлекет» веб-порталынан және ХҚКО арқылы көрсетілуге мүмкін қызметтер саны – 673, Электронды түрде – 19322 қызмет көрсетілді.

Аудандық әкімдіктің барлық мемлекеттік органдарында ішкі бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі жұмыстарға жауап беретін тұлғаларды бекіту жөнінде тиісті нормативті актілер қабылданды.

Талғар ауданы әкімдігі көрсететін мемлекеттік қызметтері туралы, халықты хабардар ету үшін, Талғар ауданының органдарында және ауылдық округі әкімдік ғимараттарында – қызмет берушілерге стандарттар мен регламенттер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған, стенділер ілінген.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында «Талғар ауданның білім бөлімінде» 2, «Талғар ауданының жұмыспен қамыту және әлеуметтік бағдарламалар бөлмінде» 1 көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген мерзімдерін бұзылуы тіркелді.

Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде шағымдар түскен жоқ.

Талғар ауданы әкімінің
аппарат басшысы

А. Әшімахұн