Ұлттық таңба таңдау- өркениет жолын таңдау


МҰҚАҒАЛИҒА АРНАЛҒАН КАБИНЕТ АШЫЛДЫ



Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Өстемір ауылындағы №14 орта мектепте ақынға арналған арнайы кабинет ашылды. Өлең-жыр десе өзегі талып, поэзия десе ілтипаты бөлек іңкəр жүректер қай жерде де табылары хақ. Құдіретті поэзияның қуатты күші өмірде кездесіп қалатын кедергілерден қалай өтудің жолын тауып бермесе де, жанына ұялаған мұң-қайғыдан арылтуға əсте жетеді. Сол шексіз құдіретті күшке Мұқағали лирикасы ие десек қателеспейміз. Поэзиямен «емделіп», өмірге қайта келгендей əсерге бөленгісі келетін жандар үшін таптырмас орынның өз жандарынан ашылғанына өстемірліктер дəн риза. Шараның басы ақынның туған күніне арнап мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламамен басталды. Ақынның өлеңдерін шабыттана оқып, өлеңіне жазылған əндерді тебірене шырқаған шəкірттер Мақатаев əлемінің шынайылығын айқындап берді. Кабинеттің лентасын қиған аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі З.Қалымбетова мен №14 орта мектептің директоры К.Мұхаметжанова ақынның қазақ деп соққан жүрегінің лүпілі оның рухани кенішін ақтара алатын осындай ұрпағы барда жалғаса беретінін жеткізді. Ақынның əр жылы шығарылған жинақтары мен ақын жайлы қалам тербеген қаламгерлердің зерттеулері орналасқан кабинетте болашақта құнды жəдігерлер де қойылмақ. Өмір сырын таныпбілуге көмектесіп, оқыған сайын тереңіне тарта беретін ақынның сырлы құпиясымен жақыннан таныса алатынына оқушылар да қуанышты. Бұл кабинет – сұлулықтың, тазалықтың, қарапайымдылықтың символына айналары сөзсіз. «Шаң басқан архивтен емес» жарқыраған кабинеттен табылған ақиық ақынның мұрасы рухани жаңғырудың ажырамас бөлшегі бола білмек. Ағылшын


ҮЙДЕГІ ТӘРБИЕ ТҮЗЕЛМЕЙ ТҮЗДЕГІ ТІРЛІК ОҢБАЙДЫ


Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие тұжырымдамасын бірізділікке салып, қоғамның қажетті факторы ретінде іске асыратын жағдай баяғыда жеткен секілді еді біздің ұлтқа, бірақ ұлт болашағына келгенде неге екенін арбаны кері шегеріп қала береміз. Айтылуы айтылған жерде, жазылуы жазылған парақта қалып жатыр. Бұл немқұрайдылық, керітартпа қасиет келешекке өз салқынын тигізуі әбден мүмкін...

Меруерт ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА, «Талғар».

Бүгінгі жасөспірім – мектеп қабырғасындағы балаң балдырғандар дəл қазірден бастап қайнар бұлақтан қанып ішпесе, ертеңгі келешегі бұлыңғырланғаны бұлыңғырланған. Бұл «індет» қоғамды жайламай тұрғанда ата-баба тəжірибесіне сүйеніп, нигилистік көзқарастан арылуымыз керек. НИГИЛИСТ – ӨЗ ҰЛТЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫН МЕНСІНБЕУ. Сондықтан да білім ошақтары отбасындағы бала тəрбиесінің «бас кейіпкері» ата мен əженің беделі мен ықпалын айқындайтын тəрбие сағаттарын жиі өткізіп, лаж болса сол кісілермен кездесу ұйымдастырылып тұрса құба-құп. Бала атаанасының, мұғалімнің айтқанымен емес, көріп өскен өнегесімен өсетінін ескерсек, көп күшті өзімізге салуымыз керек екені өзінен-өзі шығады. Осы олқылықтың орнын толтыруды діттеген аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен Кеңдала ауылдық округі əкімшілігі жəне №42 мектеп ұстаздарының қолдауымен «Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты кездесу кеші өтті. Басқа кештерден ерекшелігі сол, кездесуге 50-60 жыл бірге ғұмыр кешіп, өмірдің ащытұщысын бірге татып келе жатқан үлгілі үш отбасы қатысты. Төрден орын алған мерейлі отбасылардың балаларға айтары бар деп есептеген ұйымдастырушылар жоғары сынып оқушыларымен қоса ұстаздардың да қатысуын қалапты. Ұрпақ тəрбиелеу үшін тəрбиешінің өзі де тəрбиелі болу керектігі заңды.

«Сақалыңнан айналдым, қарт бабалар,
Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?
О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар»,-

деп ақиық ақын М.Мақатаев жырлағандай балаларымен қоса немере-шөберелерін де рухани жағынан сусындатып отырған абзал қариялар көрген-білген өсиеттерімен бөлісті. Құлжабай, Рүмхан ҚҰЛШЫМАНОВТАРДЫҢ отасқандарына 60 жыл болыпты. Апамыз 12 құрсақ көтеріп, алтауы аман-есен ата-аналарын алақанына сап, мəпелеуде. 12 немере, 14 шөбере сүйіп отырған мерейлі отбасы өмірдің қиынқыстау кезеңдерін бірге көріп, бір-біріне демеу бергенінің арқасында шаңырақтарына қылау түспеген. «Кешірімді бола біліңдер. Үлкенді сыйлаңдар. «Сыйға-сый» деп бабаларың тегін айтқан жоқ», – деп өмір жолында кездескен естелік сəттерімен бөліскен Құлжабай ата оқушыларға батасын да берді.

1960 жылы шаңырақ көтеріп, 4 ұл, 8 қыз тəрбиелеп, олардан 25 немере, 8 шөбере сүйіп отырған Бекен ƏДІЛБАЕВ пен Алтын ЗАИТОВА тəлімді-тəрбиелі отбасылардың бірі бүгінде. Айтары көп ақсақал да кеш қонағы болып жайғасқан екен. Қырғыз елінде дүниеге келіп, өсіп-өнген соң дəм-тұз тартып Талғар жеріне келіп орын теуіпті. «Бір үйлі жаннан құралған толық отбасы ата-анасы, балалары жəне ата-əжесінің болуымен көрінсе, бүгінде толық емес отбасылардың қатары көп. Ол да бала тəрбиесіне əсерін тигізеді. Осындай білім ошақтары тəрбиелі, өнегелі істерді көптеп ұйымдастырса, ұтқанымыз», – дейді Бекен ата.

Мавлюд, Наргиз ЮСУПОВТАР болса Шымкент облысында дүниеге келсе де тағдыр тартуымен Талғар төрінен бірақ шыққан екен. Көп ұлтты Қазақстанның бір шаңырақ астында ұйып отырғанына сүйсінетін түрік ұлтының ақсақалы өзі де үш келінімен бірге тұратынын айтты. Қазақтың тəрбиесінде үйренетін тұстарының көп екенін, бес немересіне ақырындап үйретіп жатқанын жеткізді.

Шараға арнайы қатысқан Кеңдала ауылдық округінің əкімі Қ.Алиханұлы қарттарға амандық тілеп, иықтарына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті. Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, ақын Б.Көлбаев та игі тілегін өлең жолдарымен төгілтті. Кеш қонақтарына арнап мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламадан соң жиналған көпшілік ақ дастарханнан дəм татты.

– «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең». Қазақ қариясын құрметтеп, төрден орын берген, олардың батасын алмай ешбір іс бастамаған. Ал бүгінде біртіндеп өзгеріске ұшырап бара жатқан осы үрдісті дұрыс жолға қою – басты мақсатымыз болды, – дейді шараның басы-қасында жүрген округ əкімі аппаратының бас маманы Арайлым Бабалиева.

«ТАМЫРСЫЗДАНУ ҚАУПІНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ» АЛШАҚТАП БАРАДЫ


Ұлтқа деген жанашыр жүрегі бар адамнан ғана үлкен өнер туатындығын тарих беттері дәлелдеп келеді. Ол жанашыр жүректен шыққан туындылар адамдық пен надандық, парасат пен кесапат жайлы жырлап, бір жүректен шыққан отты сөз кем дегенде он жүректе бұғынып жатқан ұлттық сезімнің, рухани күштің оянуына сеп болса, нұр үстіне нұр емес пе. Ал осы тақылеттес әңгіме өрбігенде Шаханов шығармашылығындағы шымыр ойлар санамызда жылт етіп, тіл ұшына орала кетеді. Ақиқаттың мәнін айғайға бармай-ақ, шындықтың шырайын шыңғырмайақ қара өлеңге сыйдырып жүрген Мұхтар Шахановтың шығармашылығы жас ұрпақты тәрбиелеуде көш бастаушы «кейіпкер» екендігін біз де, сіз де растайсыз. Мақұлдайсыз. Келісесіз. Сонымен...

Меруерт ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА, «Талғар»

Сонымен жуырда Талғар төрінде екінші мəрте түндігін түрген республикалық Шаханов оқулары жайлы айтпақпыз бұл жолы. Өткен жылы «көштің жүре түзелетініне» сеніп қайтқан едік, сеніміміз алдамапты. Биыл біршама жүйеленіп, бірізділікке түскен шара рухани жаңғырудың дəп өзімен үндесе кетті. Еліміздің төрт облысынан, атап айтсақ, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы облысынан ағылған өрендер өрелі сөздің төркінін танытып, төресін көрсетеміз деп бекініп келгендей. Күн райының суықтығы да олардың жалын атқан жас жүректеріне қаяу түсірмепті. Шараны бастап, алғысөзін айтқан кеш қонағы, республикалық «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық ұйымының төрағасы Бейсенғазы Сəдуұлы ақынның өз өмірінде алатын орнына аз-кем тоқталып, алдын-ала іріктеуден өткен 100-ге жуық қатысушыға сəттілік тіледі. М.Шахановтың шығармалары арқылы балалардың қазақтың тілі мен əдебиетіне, мəдениетіне деген ықыласын арттыру жəне көркем сөз оқу шеберлігін, тіл мəдениетін жетілдіру, ұлтқа деген сүйіспеншілігін оятуды мақсат еткен ұйымдастырушылар бұл жолы байқауға өзгерістер енгізген екен. Алдымен ақынның екі өлеңі мəнерлеп оқылған соң, келесіде ақынның өмірі мен шығармашылығына орайластырылған сұрақтарға жауап беру талабын қосыпты. 2-5, 6-8, 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері деп топқа бөлінген талапкерлер ақынның тіл, ұлт, рух жайлы өлеңдерін шамырқана оқып, тыңдарманның тағы бір мəрте өлең өлкесіне саяхат жасауларына сеп болды. Ақынның өзі қатысып отыруы балаларға жігер берсе керек, тіпті ұзын-сонар «Отырар», «Танакөз» сынды поэмаларына дейін бастан-аяқ мүдірмей оқып шықты. Тəуелсіз сарапшылардан құралған қазылар алқасы болса əр қатысушының өлең таңдау өресіне, дауыс мəнері мен сахналық мəдениетіне сын-көзбен қарауға тырысты. «Дəстүрге айналып келе жатқан додаға қатысушылардың саны жыл санап артуда» деп ұйымдастырушылар риза.

– Былтыр 187 оқушы қатысып, бақ сынаған еді, биыл 410 оқушы өтініш білдірді. Сондықтан алдын-ала іріктеу турын өткізуіміз керек болды. Ұлт басындағы тұрған ұлы тұлғаның өлеңдерін оқуда өремен қатар өнеге де керек деп түйсінемін өзім. Ұлт тағдыры, ел болашағы деген тілек пен ниеттің жетегінде жүрген қаһарманның ақындығын ғана емес азаматтығын да бағалайтын, кеудесінде намыс оты оянған, ақын шығармашылығын сүйіп оқитын жігерлі деген 95 баланы конкурсқа жібердік, – дейді қасиетті жанның өнерін қасиеті жоқ адамдардың түсінбейтініне қапаланатын Халықаралық жəне отандық Шаханов поэзия клубының Алматы облысы бойынша төрайымы Зəмзəгүл ƏУБƏКІР.

«Мұндай шаралар əр жастың жүрегінің бүтінделіп, санасының түзуленуіне «теңізге қосылған тамшыдай болса да үлес қосады» дейді, ұлты тəжік болса да тілі де, жүрегі де қазақ деп соғып кеткен Талғар ауданындағы №5 орта мектептің 6-сынып оқушысы Ситора КОСИМОВА.

– Қазақ тіліне қызығушылығымды қазақ поэзиясы оятты. Абай, Ыбырайдың өлеңдерін оқудан бастап бүгінгі көзі тірі ақындардың да шығармаларын жаттай бердім. Солардың ішінде Шаханов атамыздың өлеңдері қатты ұнайды. Сиясы əлі кеуіп үлгермеген екі өлеңін алып келдім. Ұстазым Нұршат Айдарханова апайдың берген тəлім-тəрбиесі мен өнегесі болашағым үшін қажет деп ойлаймын. Өйткені мен Қазақстанда тұрамын, – деп жаттандылығы жоқ балалық көңілмен ойын жеткізген Ситораның ұстанымының келешекте де өзгермеуін тілеп қалдық. Алматы қаласындағы №42 ЖББ мектептің 8-сынып оқушысы Галина Гебель де қазақ тілін тəп-тəуір меңгергенін байқатып, өлең арқылы өзімен тілектес дос тапқанына риза. Қара домалақтардың ішінен ерекшеленіп тұрған орыс қызының ұстазы Сайлаухан Бейсенғалиқызы шəкіртінің мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігінің арта беруі үшін осындай шараларға жиі апарып тұратынын айтты. Мемлекеттік тілде сөйлейтін жас тардың көбеюіне ықпал етіп жүрген ұстаздарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Өз деңгейінде өткен шараның жеңімпаздарына ақынның қолтаңбасы қойылған кітабы мен портреті сыйға берілді. А.Айтбай, А.Дүйсен 2-5 сыныптар арасында топ жарса, Ə.Оңалбай мен М.Темірғалиева 6-8 сыныптар ішінен үздік деп танылды. 9-11 сыныптар ішінен А.Нүбиев бас жүлдені иеленсе, колледж студенттерінен ТАжМК студенті Н.Бақберген озық шықты. Жетекшілері де марапатсыз қайтпады. Ақынмен естелік суретке түсіп, мəресəре болған көпшілік бір күн бойы Талғар аспанын рухты жырға бөледі. Қорытынды сөз алған аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, ұлт болашағы үшін қасық қаны қалғанша күресуге дайын жанашыр жан Фарида Мамырбекқызы «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы» (М.Ш.) болмас үшін осы тақылеттес шараларды жиілете беру керектігін алға тартты.

Адамның ар-намысына шоқ тастап, отты жырларымен қоғамдық ой салып жүрген ақынның əр жырынан ел рухының биіктігін көксегенін аңғармау əсте мүмкін бе?! Қай өлеңін оқысақ та, ҚАЗАҚ деген асқақ ұлттың ұланы екеніне мақтанып қаласың. Республикалық деңгейде өткен Шаханов оқуларына қатысқан балаң жүректер де осы сезімнің жетегінде кетті деуге кəміл сенеміз.

Дәстүрлі әннің майталмандары


Нұркелді МАКЕНОВ пен Даяна ТАЙГУШАНОВА Талғар қалалық балалар музыка мектебінің дәстүрлі ән бөлімінің оқушылары. Өнерпаз жеткіншектер замана сүзгісінен өтіп, халқымыздың ежелгі рухын, тарихын, тебіренісі мен толғанысын, жұбанышы мен қуанышын паш ететін ұлттық өнерді өздеріне берілген енші деп сезінеді. Балаң жүректері бабадан қалған аманатты аялап, баға жетпес құндылықты қастерлеп қана қоймай, қазақ өнерінің қаймағын рухани жәдігер ретінде жетелеп келеді.

Дəстүрлі əннің келешегі үшін алаңдаған Біржан сал: «Қорқамын, ауруымның түрі жаман, Біржанның кім ұстар деп домбырасын» деген қорқынышы ұлттық өнерге ден қойған осындай талғарлық өнерпаздар барда бекер ме деймін.

Сан ғасырлық тарихы бар əн өнері сұрапыл ғасырлар ағымының небір қатал сындарынан өтсе де, ұмыт болмай, керісінше, қайта жаңғырып, кемелденіп келеді. Халқымыздың мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасына арналған түрлі байқаулар мен жобалардың жыл санап санының артуына қарап дəстүрлі əнге ден қоюшылар мен тыңдаушылардың да күннен-күнге көбейіп келе жатқанын аңғармау мүмкін емес. Айтылғандардың қатарына жуырда Астана қаласында халықаралық «Таңғы шұғыла» мегатележобасы аясында өткен «Сайра бұлбұлым» халықаралық шығармашылық фестивалін қосуға болады. Осы байқауда жоғарыда біз сөз еткен қос жеткіншек те бақ сынап, туған жерінің намысын қорғап, тыңдармандардың құлақ құрышын қандырып қайтты. Қазақтың дəстүрлі əнін насихаттап қана қоймай, əн өнеріне теңізге құйған тамшыдай болса да үлестерін қосып, айналасына əн сəулесін шашып жүрген талғарлық өнерпаздар үлкен жобада өзгелерден озық шығып, Нұркелді бірінші, Даяна екінші орынды жеңіп алды. Əр өңірдің үкілі үмітін арқалап келген бақ сынаушылардың бəрін басып озған Нұркелді Иса Байзақовтың «Желдірмесін» нақышына келтіре шырқағанда, орындау шеберлігіне тəнті болмаған жан қалмаған. Ал Даянаның орындауындағы халық əні «Қарай көзім» тыңдаушыларды əн құдіретіне елітіп, қазылар алқасының ілтипатын арқалатты.

ТАЛҒАРДА ҚОНАЕВҚА АРНАЛҒАН МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ


Ұлт басында тұрған ұлы тұлға Д.А.Қонаевтың қазақтығын, ғажаптығын, даралығын, даналығын дәріптейтін тағы бір жағымды жаңалық Талғар жұртшылығын ғана емес қазақ елін айрықша қуантты десек, қателеспейміз. Адамгершілік тұлғасы таныған сайын асқақтап, білген сайын биіктей түскен атамыздың құрметіне жасалған әр қадам ел тарихына деген сүйіспеншілікті де сездірсе керек.

Д.Қонаев атындағы университетінің 20 жылдық тарихы бар Талғар қаласындағы колледжінде дара тұлғаға арналған мұражай ашылды. Мемлекет жəне қоғам қайраткері, ширек ғасырға жуық Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарған Дінмұхамед Ахметұлын кейінгі ұрпақ танып-білсін деген мақсатпен жүзеге асқан мұражайдың салтанатты ашылуына көптеп жиналған қауымға қарап əлі де ол кісіге деген зор ықыластың тот баспағанын аңғармау мүмкін емес. Аудан əкімінің орынбасары Д.Қыдырбек-ұлы, профессор, заң ғылымдарының докторы, Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры Ө.Жалаири, білім саласының құрметті қызметкері Қ.Дарханбаева, Талғар ауданының Құрметті азаматы Н.Үмбетова, аудандық Қоғамдық келісімнің төрайымы Ж.Бұтабаева, республикалық Қонаев мұражайының тұңғыш директоры Б.Батталғазиев, аудандық кітапхана директоры М.Хармысов, аудандық білім бөлімінің əдіскері Ү.Жусанбаевалардан бөлек колледж басшылары, жастар ресурстық орталығының кеңесшілері мен студенттер қатысқан шара алдымен кіре берісіндегі атамыздың бюстына гүл шоқтарын қойып, тағзым етумен басталып, акт залындағы танымдық кешпен жалғасын тапты. Димаш атамыздың Қазақстанның дамуына қосқан сүбелі үлесі, адамгершілік қасиеттері жайлы естеліктер айтылып, өмірден өтсе де халық игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан еңбектері тілге тиек болды. Мұндай игілікті істердің молынан болғаны жастарды патриоттық тəрбиелеудің айқын көрінісі екенін де жеткізе кетті сөз алған азаматтар. Танымдық кештің көркін арнауымен əрлей түскен ақын Т.Шерияздан Димаш атасының жарқын келбетін қара өлең құдіретімен айшықтап берді. Білім ошағының басшысы ҚР білім саласының құрметті қызметкері, Білім үздігі Райхан Булекбаева мұражайды ұйымдастыру барысын- дағы жұмыстарға тоқталып өтті.

                                                                           ҮЙЛЕСІМ ТАПҚАН ҚОС ШАРА 
Белгілі кəсіпкер, аудандық мəслихаттың депутаты, «Нұрбастау Шапағат» қоғамдық қорының төрағасы Арман Рахановтың мұрындық болуымен жыл сайын оқушы жастар
арасында спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып келеді. Осынау игі дəстүр биыл да өз жалғасын тапты. Осы аптада Бесағаш ауылындағы №29 жалпы
білім беретін орта мектебінің спорт залында оқушылар арасында баскетболдан аудандық жарыс болып өтті. Спорт додасына аудан мектептерінен ұзын саны
12 команда қатысып, бақ сынады. Айтулы шараға қоғамдық қордың жетекшісімен қатар белді мүшелері –вице Президенті Бинали Агададиев, Арзигул Амиралиева,
сонымен бірге Алматы облысы ІІД-і көші-қон полициясының қызметкері, аға лейтенант Азат Усипбаев, ата-аналар,ауыл жастары көптеп қатысты. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың «Бола-
шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Тəуелсіздік күні мерекесіне орай өткізілген іс-шараның ресми ашылу салтанаты мемлекеттік туды
көтеруден бастау алып, асқақтай Əнұран шырқалды. Осыдан соң жас спортшыларды Тұздыбастау ауылының ардақты ақсақалы, футбол ардагері, жарыстың бас төрешісі Зейтнұр Қазиев
құттықтап, ізгі ниетін жеткізді. Жастар алдында сөз алған аталмыш мектепдиректоры Жанар Сағындықова жыл сайын балаларға арнап шапағатты шаралар ұйымдастырып жүрген жаны
жомарт азаматтарға алғысын жаудырса, «Нұрбастау Шапағат» қоғамдық қорының төрағасы Арман Раханов өткізіліп отырған спорт шарасының маңыздылығына тоқталып, дені сау
адамның рухы биік, талабы таудай болатынын жеткізді. Қатысып отырған командаларға сəттілік тіледі.
«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» дейді дана халқымыз. Бұл күнгі шарада кішкентай бүлдіршіндер де мейірім-шапағатқа бөленді. Ауылдағы ата-ана
қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасыларының 35 бүлдіршініне тəтті тағамдар салынған сыйлықтар мен жылы киімдер, ойыншықтар табыс етілді.Əсіресе, 4 жасар Руслан Паршиннің
балалық арманы орындалғаны көпшілікті тебірентті. Ол Аяз Атаға хат жолдап, планшет сұраған екен. Көпшіліктің алдында Арман Раханов бүлдіршінге армандаған сыйлығын табыс етіп, шексіз
қуаныш сыйлады. Жаңа Жыл алдында осындай мейірімге бөленген періште көңіл бүлдіршіндердің жүздері бал-бұл жанып, көтеріңкі көңіл-күй құшағында болды. Соңында қамқоршы аға-апа-
ларымен бірге естелік суретке түсті. Осыдан соң жарысқа кезек берілді.
Баскетбол - спорттың командалық түрі. Мұнда əрбір ойыншының ептілігі, ширақ қимылы, ойнау техникасы ұтымды ойын сыйлары анық. Сондықтан да сайыс тартысты өтті. Жарыс
нəтижесі бойынша жүлделі 1-ші жəне 2- орынды Белбұлақ ауылында орын тепкен №10 орта мектебінің командалары жеңіп алды, ал 3-орынды №28 жалпы білім беретін орта мектебінің 
 командасы иеленді. «Үздік жаттықтырушы» номинациясы №29 орта мектебінің дене шынықтыру пəні мұғалімі Бақытжан Қасымбековке берілді. «Үздік шабуылшы» номинациясы
№5 ОМ-нің 11-сынып оқушысы Илияс Бостановқа бұйырса, «Үздік қорғаушы» атағына №32 ОМ-нің 8-сынып оқушысы Мурат Искандиров , «Үздік ойыншы» номинациясына №49 ОМ-нің 8-сынып
шəкірті Асан Азат ие болды. Қоғамдық қор Президенті Арман Қалықұлы жас жеткіншектерді спортқа баулып жүрген ұстаздарды, жеңімпаздар мен үздік ойын көрсеткен ойыншыларды арнайы
диплом, медальдармен марапаттап, Кубоктарын табыс етті. Жоғары деңгейде өткен спорт шарасынан сайыскерлер көтеріңкі көңіл - күймен, тың сарпінмен тарқасты.
 

                                                   Өнерлі елдің өресі биік
Берік Шағаев,Аудандық Мəдениет үйінің директоры:Талай таланттарды түлетіп ұшырғанТалғар өңірі қай кезде де өнерге
бай өлкесаналған. Табиғаты тамаша ауданымыз бенбарша Жетісу өлкесін əнге қосып, жырғабөлеген өнер қайраткері, сазгер, əнші
Мұқанбек Бөрібаевтың мұрындық болуымен1967 жылы аудандық Мəдениет үйі жанынан«Алатау аясында» əн-би ансамблі құрылған
болатын. Ансамблге Мұқанбек Бөрібаев өзіжетекшілік етіп, алғашқы құрамында ЗəурешОтарбаева, Айгүл, Болат Андасбаевтар,
Шайділда Мамбетов, Мұқанбай Өміржанов,Амантай Молдахметов, Алла Қарғабаева,Сандуғаш Сəдуақасовалар өнер көрсеткен.
1973 жылдың 23 мамырында ансамбль«халықтық» атағын қорғап, «Алатауаясында» халықтық əн-би ансамблі болып
аталды. Құрылғаннан бергі уақыттаансамбль талай-талай үлкен сахналардаөнер көрсетіп, күмбірлі күйлерімен, əсем
əндерімен көптің көңілінен шығып жүрді.Ансамблдің репертуары сол кезгі өмірдеңгейіне сай, терең мазмұнда таңдалып
отырды. Онда қазақ халқының əн-күйіненбастап, композиторлардың шығармалары,туысқан республика жəне орыс, дүниежүзі
классиктерінің туындылары кеңіненқамтылды. Ансамбль мүшелері жетекшітаңдаған шығарманы нотаға дəл түсіп,
шеберлікпен ойнап, тыңдарманына ұсынабілді. Еліміз егемендігін алып, өз алдынадербес мемлекет болып қайта құрылып
жатқан уақыттарда, əсіресе, өнер үшінқысыл-таяң күн туған кездері де тарыдайшашылып кетпей, бар қиыншылыққа
шыдай біліп, өз бірлігін сақтап, ұжымдыыдыратпады. Көптеген аудандық, облыстық,республикалық өнер додаларында биік
белестерді бағындырып, қасиетті Талғарөңірінің атағын асқақтатып жүрді. Ансамбльқұрамы əр жыл сайын өзгеріп, түрлі
таланттармен толысып отырды. Бүгінгі өнерұжымы шертер, қылқобыз, баян, домбыра,сыбызғы тəрізді ұлттық саз аспаптарымен
толық қамтамасыз етілген. Ансамблгеқазір əнші Ғ.Рамазанов жетекшілік етуде.Ансамбль құрамында сырнайшы Н.
Əбдуəли, қобызшылар Г.Шаяхметова менЖ.Нұрманбетова, шертерші З.Даривхан,ұрмалы аспапта Т.Шерияздан, домбырашы
А.Балғабеков, Н.Манай, əншілерК.Баймұханов, Г.Дəлелхан, П.Сейден сындыталанттар өнер көрсетіп, алдыңғы буын
өнер тарландарының жолын жалғап келеді.Жеткен жетістіктері де аз емес. 2015 жылыоныншы рет өткен аудан, қала мəдениет
күндерінде ауданымыздың мəдениетсаласының қызметкерлері бас жүлдені жеңіпалып, автокөлікке ие болған болатын. Бұл
жеңіске ансамбльдің де қосқан үлесі зор. Елтəуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен«Ғасырлар үні» фольклорлы-этнографиялық
ансамбльдер байқау-фестивалінде үздікөнер көрсетіп, ІІІ дəрежелі дипломменмарапатталса, осы жылы облыстың мəдениет
саласының өркендеуіне үлес қосқаныүшін облыс əкімі А.Батталовтың «Құрметграмотасымен» марапатталды. «Жырлайды
жүрек» атты облыстық жыр байқауындаансамбль мүшесі Айнұр Жұмақадір басжүлдені иеленсе, «Өнерім-өмірім» атты
облыстық өнер байқауында «Айгүл» би тобымен жас əнші Камила Рахымберген біріншіорынды жеңіп алып, аудан мерейін асырды.
Елу жылдағы ансамбльдің ауыз толтырыпар жетістіктері жетерлік.


                                             
                               ЖЕРЛЕСТЕР ФОРУМЫНЫҢ ЖЕМІСІ МОЛ БОЛМАҚ 
Талғар ауданы əкімдігінің ұйымдастыруымен бүгін ауданымызға қарасты «Сегіз көл» кешенінде тұңғыш рет «Талғар-инвест» жерлестер форумы
бастау алады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға негізделген форумның мақсаты қазақстандықтарды 
шынайы отансүйгіштікке тəрбиелеу, олардың туған жеріне, өлкесіне, ауылына, тарихына, мəдениетіне, əдет- ғұрпына деген махаббатын, мақтаныш сезімін
ояту. Жерлестердің Талғар ауданының инвестициялық əлеуетін арттыруға үлес қосуы жəне тікелей инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасауы да 
форум аясында талқыға салынбақ. Еліміздің экономикасының өсуі əр аймақтың экономикалық əлеуетінің артуына тікелей байланысты екендігі даусыз. Алматы
облысы – экономикалық əлеуеті аса зор, жаңа жəне қызықты нарық. Экономикалық əріптес болғысы келетін компаниялар үшін де бұл аймақта 
мүмкіндіктер қарастырылған. Осы жағдайды ескерген ұйымдастырушылар аймақтардың бір-бірімен əріптестік əдіске көшетін кезі жеткендігін ескерген.
Сондықтан да, аймақтардың инновациялық- технологиялық деңгейін көтеру мақсатында жаңа технологиялар мен инновациялық жаңалықтарды енгізу
кезек күттірмес мəселелердің бірі. Инвестиция тарту мақсатында қолайлы жағдай туғызу жолын ұстана отырып, бəсекелестікті дамытуға
ықпал ету іс-шараның негізгі бөліміне айналып отыр. Бір ғана Талғар ауданының өзінде «Туған жер» бағдарламасы бойынша 30 жобаны іске асыру 
жоспарланған. Жобаны іске асыру барысында аудан көлемінде 6 мешіт, 1 көпір, 2 демалыс саябағы, 2 сквер, 3 балалар алаңы, 1 денешынықтыру залы
жəне ауыл мектебіне 1000 кітап тапсыру, 1 өлкелік мұражай ашу жоспарланған. Барлық тартылған инвестиция көлемі 1 млрд. теңге көлемінде болмақшы. 
Бүгінгі күнде 6 жоба іске асырылған. Форум соңында жаңа өндіріс орындарының ашылуына сеп болатын меморандумдар мен келісімшарттарға қол
қойылады деп күтілуде.

  
                                   Қазақстан Республикасының спорт шебері, дзюдо
                                  күресінен Азия чемпионы ЕҢЛІК САТЫБАЛДЫ: "Мені дзюдоға әкем алып келді"
Бала күнінен спортты жанына серік еткен, саламатты өмір салтын үзбей ұстанып, оны жүрген жерінде жас буын арасында насихаттауды
 мақсат тұтатын, ғұмырдың мәні – денсаулықта, ал, оның кілті – спортта деп түсінетін Еңлік Сатыбалды спортшыға тән ерекше 
болмысымен көп ортасынан дараланып келеді. Қазақстан Республикасының спорт шебері, дзюдо күресінен 
Азия чемпионы – ЕҢЛІК САТЫБАЛДЫ.
 

 

                           Аналар салған ән қандай
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылы жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тәуелсіз
мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін, рухани діңгегін нығайтатын, тамырына нәр беретін мәдени дүниетанымдық кешенді
бағдарлама болғаны рас. Бір сөзінде ол «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда
бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек. Ұлттық салт-дәстүріміздің, тіліміз бен әдебиетіміз, жоралғыларымыз бен
музыкамыз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс» деген болатын. Ертеден келе жатқан ұлттық мәдениетіміз бен төл
өнерімізді саф алтындай сақтап қана қоймай, заман ағымына сай қайта түлетіп, мәйегін бұзбай оқтын-оқтын жаңғырту сынды
жауапкершілігі зор игі істі өнер ұжымдары еншілеп отырғаны белгілі. Осынау рухани жаңғыруға ақ жаулықты аналарымыздың да
қосып жүрген үлестері зор.

                         «Нұрлы жүрек» – көпке тірек 
  Бүгінгі қоғам иманды, жомарт жүректі жандарға толы. Қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң
басқан, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жандарға қолдау көрсету мақсатында, өр қазақтың
атымтай жомарт ұлдары мен қаракөз қыздарының басын қосқан «Нұрлы жүрек» еріктілер тобы да ізгі амалдар жасап, ел ықыласына 
бөленіп жүрген жандардан құралған.
Жақында «Нұрлыжүрек» еріктілер тобы бір жылдығынатап өтті. Бұл күнгі қайырымдылықконцертін жүзден аса баланы бауырына басып, мейірім шуағын төккен қазақтыңқайсар қызы Тұяқ Қазкенқызыныңбасқаруындағы «Нұр» балалар үйініңбүлдіршіндеріне арнады.
 Сахна пердесін «Нұрлы жүрек»еріктілер тобының жетекшісі ЕдігеАбдулаұлы алғы сөзімен ашты. Адамқайғысы - заман қайғысы болған бұл
қоғамымызда тағдыр тауқыметін тартып,материалдық мұқтаждыққа тап болғанқандастарымызға бауырмалдықпенжəрдем беру ұлтымыздың ұл-қыздарына
ұлы міндет екенін айтқан ол еріктілертобының атқарып отырған міндеттірменалдағы мақсаттары жайлы сөз қозғады.Əрқашанда қайырымдылық жасауға
асығатын жомарт жүректі жастарғаалғысын жаудырып, бұл күнгі мерекеніңқонағы болып отырған балалар үйініңтəрбиеленушілері мен директоры
Тұяқ Қазкенқызына ақжарма тілегінбілдірді. Əрі қарай тізгінді өнержұлдыздары алды. Мерекелік кештіЕдіге Абдулаұлы мен Гүлмира Нəлібай
жыр шумақтарымен əрлей жүргізіпотырды. Бұл күнгі концертте АйбарСеркебаев, Самат Жанғазин, ЖасұланМұсағали сынды əншілермен бірге
«Нұрлы жүрек» еріктілер тобыныңмүшелері Жоламан Бағланұлы, МахмұтҚошқарұлы, Азамат Есеев есімдіжігіттер де өз өнерлерін ортаға салды.
Қайырымдылық шарасынан ауылдықМəдениет үйінің қызметкерлері де қалысқалмады.
 
 
                                                                        АНА «НҰРЫНА» БӨЛЕГЕН ЖАН
Қазақта пейілі дархан даладай кең, ниеті ақ, қайырымды, мейірімді, асыл қасиеттерді бойына жиған адамды «үлкен жүректі» дейді. Ол 
сөз тегін айтылмаса керек-ті. Себебі, бір адамның бойында осыншама қасиеттердің болуының өзі – ерекшелік. Бүгінде қоғам қайырымдылық 
жасауды азаматтық және адамгершілік парыз деп біледі. Қайырымды жандар басқаларға жасаған дархан жақсылықтары үшін
алғыс-атақ, құрмет-марапат дәметпейді. Раббымыз: «Бір қолыңмен жасаған жақсылығыңды екінші қолың көрмесін» деген екен. Бірақ, 
жақсының жақсылығын өзі айтпаса да, басқалардың айтқаны, жақсы үлгінің көпке шашылып паш етілгені ғанибет қой. Осы парасатты
парызды мойнына жүктеген абзал жандардың бірі біздің жерлесіміз Тұяқ Есқожина. 
Тұяқ ҚАЗКЕНҚЫЗЫ – көпадамға үлгі болатын қайырымды жан.Саналы ғұмырын бала тəрбиесінеарнаған ұстаз, үш баланың анасы осыдан 19 жыл бұрын Талғарқаласында «Нұр» балалар үйін ашуғабел буады. Жетім балаларды бауырынабасып, ана мейірімін сыйлап, оларға өмірден өз орнын табуға көмектесуүшін Тұяқ Қазкенқызының отбасымашақаты мол жұмысқа бел шешекіріседі. Нəтижесінде машақатынан шапағаты мол жұмыстың арқасындахалық сүйіспеншілігіне бөленіп, алғысарқалап келеді.   
 

                                 «Латын əліпбиін 
оқып-үйрену орталығы» ашылды

Алматыдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханада «Латын əліпбиін оқып-үйрену орталығы» ашылды. Бұл - əліпбиге 
біртіндеп көшуге бағытталған жұмыстың басы
                                                  "Латын әліпбиі - өркениет жолы"
Жуырда Талғар аудандық кітапханасында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен латын әліпбиіне көшу мәселесі
бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында Ұлт тағдыры қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дос Көшім, тарих ғылымдарының докторы,
профессор Бейбіт Қойшыбай, қоғам қайраткері Болат Дүйсенов, «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық- қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нүкен
Бейсенғазы және Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева латын қарпіне қатысты ой өрбітіп,
маңызды ұсыныстарын ортаға салды.
Жаңа нұсқада қазақ тілінің төл дыбыстарының қамтылуы жөнінде түрлі пікірлер айтылуда. Орфографиялық,орфоэпиялық ережелер дайындалу керек. Латын əліпбиі түбегейлі қолданысқа енуүшін жан-жақты қаралуы қажет. Қазіргі кезеңдегі компьютерлендіру, техникалық мүмкіндіктер түрлі көлемдегі мəтіндерді де сапалы аударуға мүмкіндік береді.Заманауи технологиялар дамыған замандамəтін аудару емес, төл əріптерімізді,тілімізді сақтап қалу, дəйекшені дұрыс қолдану мəселесі өзекті болып отыр.Сөзден іске көшетін кез де келіп жетті.Жаңа ұлттық əліпби – Қазақстан халқының ортақ таңдауы болуы қажет. Латын қарпі – барлық түркі халықтарының басын қосып, бауырластығымыз бен ынтымағымызды одан əрі күшейте түспек. Сонымен қатар, өсіп келе жатқан ұрпақтың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне ықпал етпек. Бүгінгі күні зиялы қауым өкілдерін толғандырып отырған басты мəселе, латын əліпбиі – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде жаңғыртуға жағдай жасай ма деген сұрақ.Латын əліпбиіне өту – заман талабы екендігі белгілі. Біз талай қиындықтарды жеңген дара да дана халықпыз! Ел бірлігі бекем болса, алынбайтын қамал жоқ.                                


       «Қазақстандағы 100 жаңа есім»                            
Талғар ауданы бойынша «Қазақстандағы 100 жаңа есім» атты жобасына кандидаттарды іріктеу және оны іске асыру мақсатында «100 сәтті қазақстандық»
кандидатурасына Есқожина Тұяқ Қазкенқызы ұсынылады.Есқожина Тұяқ Қазкенқызы - Талғар қаласында орналасқан «Нұр» балалар қайырымдылық 
үйінің директоры. Марапаттаулары:
1965 ж – КазССР Тыл жұмыстарын көтергені үшін грамота 
1967 ж - Москва қаласы КСРО-ң 50 жылдығына орай ынталандыру сыйлығының медалі 
2007 ж -Талғар ауданы әкімі К. Омарбаевтың грамотасы 
2008 ж - "Нұр" балалар үйінің 10 жылдығына Талғар аудандық Мәслихатының грамотасы 
2008 ж- "Нұр" балалар үйінің 10 жылдығына Алматы облысы Білім департаментінің грамотасы
2008 ж - ҚР Білім министрі Ж.Түйменбаевтың грамотасы 
2008 ж -Алматы облысы әкімі С. Үмбетовтың«Үлгілі отбасылық балалар үйі» грамотасы 
2008 ж - Талғар ауданы әкімі Т.Өміралиевтың грамотасы.
2009 ж - Талғар ауданы әкімі Т.Өміралиевтың грамотасы 
2010 ж - Талғар ауданы әкімі Т.Өміралиевтың грамотасы 
2012 ж - «Талғар қаласының құрметті азаматы» Талғар аудандық Мәслихатының медалі 
2013ж - "Қазақтан халықтық Ассамблеясының" 20-шы сессиясында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың табыстаған «Бірлік» медалі Астана 
2013 ж - 4 республикалық «Менің Қазақстаным» патриоттық форумында «Асқақ Азаматтық» номинациясы бойынша ҚР Мәдениет министрі 
М.Құл-Мұхаммед табыстаған дипломы , 2014 ж. «Мерейлі отбасы» конкурсының облыстық жүлдегері
                        

                                   
                                Алтын қазынамыз ортаймасын!   
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарындакөрсетілген қазақстандық бірегейліктідамытып, «Мәңгілік ел» патриоттықактісіндегі міндеттерді, 
Елбасының«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзегеасыруды мақсат еткен Қазақстан халқыАссамблеясы жанынан Қоғамдық келісімкеңестері 
2013 жылдан бері еліміздіңәр өңірінде өз жұмыстарын абыройменатқарып келеді. Алматы облысындамұндай ұйымдардың саны 600-ден 
асыпжығылады. Жуырда облыс орталығындакең көлемде ұйымдастырылған «Ауылым- алтын бесігім» атты облыстық форумныңөтуіне де
аталмыш ұйым мұрындық болған. Сәтті сәрсенбі күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен Қоғамдық келісім кеңесінің 
«Ауылым - алтын қазынам» атты IV облыстық форумы аясында облыс аумағындағы  этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді 
нығайтудағы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарын жүзеге асырудағы Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін арттыру, Кеңес 
жұмысын ұйымдастырудағы озық үлгілері насихатталып, өңірлерге таратуды алға қойды.

    

2017 жылдың қорытындысы бойынша үздік жұмыс көрсеткені үшін Талғар аудандық Қоғамдық келісім кеңесі Алматы облысы əкімінің 
орынбасары Ж.Омардың арнайы дипломымен марапатталды. Алдағы атқарылар
жұмыстары үшін сенім мен серпін арқалап қайтқан талғарлықтарға тек сəттілік тілейміз.


              Патриоттық леп сыйлаған кеш

                 Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі бөлімінің бірі – білім. Білім болғанда да ұлттық рухани
құндылыққа негізделген білім. Еліміздің ертеңі, болашағымыз жарқын болсын десек, бүгінгі өскелең ұрпағымыздың бойына ұлттық қасиеттерімізді 
сіңіріп, бала бойына дарытып өсіруіміз керек. Осы мақсатты айқын ұстанған Тұздыбастау ауылындағы №31 орта мектепте «Мұқағалитану» 
үйірмесінің шығармашылық тобымен «Мен қазақпын!» атты əдеби-сазды кеш болып өтті.





                   Жарқын болашаққа сенім
                   Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын – жаңа тарихи кезеңге қадам басып,
еліміздің болашағы мен қазақстандықтардың келешегі үшін маңызы терең құжат. Қыркүйек айынан бастау алған іс-шара сынып арасында
талқылаумен басталып, мектебіміздің тіл мамандарының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары «Рухани жаңғыру, туған жер» тақырыбында 
шығарма жазуға ұласты. Нəтижесінде ең үздік шығарма иесі анықталып, өзге оқушыларға үлгі болды.
 

                                                                                                                                             
                                                                                                                                                         
  
                                 Қаламгермен өткен әсерлі кездесу
               Жуырда Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылындағы №35 мектеп-гимназиясының кітапханасында Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Сара Латиевамен кездесу болып өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлы мақаласында белгіленген келелі міндеттерді нәсихаттау аясында ұйымдастырылған мәнді кездесуде Сара Латиеваның «Бұлбұл» атты деректі прозалық шығармасына арқау болған қазақ сахнасының жұлдызы, опера әншісі Күләш Байсейітованың өмірі мен сахналық өнегесі кеңінен қамтылды. Зияткерлік мектептердің «100 кітап» жобасын қолдау мақсатында қаламы жүйрік қаламгер Сара Шарапқызы аталмыш мектептің кітапхана қорына қазақ сахнасының бұлбұлы атанған Күләш Байсейітованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Бұлбұл» атты жаңа туындысымен қатар басқа да әдеби кітаптарды( ұзын саны 36 кітап) тарту етті. Ойлы очерк, зерттеу мақала, новелла, әсіресе ел тарихында есімдері алтын әріппен жазылған бірегей тұлғалардың шығармашылық жолын зерделеуге ден қойған Сара Латиева жылдар өте келе қабырғалы қаламгерлер қатарынан лайықты орын алған жан. Бүгінде жеті белес жетпісті бағындырып отырған қаламгердің «Мен соғысты көргенім жоқ», «Хадиша мен Байғали», «Хадиша Бөкеева», «Төрелігін өздерің айтыңдар», «Туған жердің түтіні» атты кітаптары жарық көрген. Кездесу барысында 4 сынып оқушылары ақын Сайлаубай Тойлыбаевтың ақын апамызға арнап жазған жыр жолдарын оқыса, жас маман, музыка пəнінің мұғалімі Əсел Емениязова қобыз аспабымен «Илигай» əнін орындады. Жиналған шəкірттер қаламгерге өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, пікір алмасты. Талапты жастардың ынта-ықыласына разы болған жазушы өрелі ойын ортаға салып, өмір шежіресінен сыр тарқатты. Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы Орда ауылында дүниеге келген Сара апамыз бала кезінен дəрігер болуды армандаған екен. Əйтсе де жас қыздың бойындағы жазу өнеріне деген қабілеттілікті байқаған сол кездегі аудандық партия атқару комитетінің екінші хатшысы Оқас Əлмұханов оған бірнеше қайтара қолқа салып, аудандық газетке жұмысқа шақырады. Осылайша,Сара Шарапқызы журналистика саласына келгенін, алғашқы еңбек жолын аудандық «Октябрь туы» газетінде бастап, одан соң облыстық радиода корреспондент болып еңбек еткенін əңгімелеп берді. Ұлағатты өмір иесі Сара Латиева республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, Қазақ радиосында, Ұлттық «Қазақстан энциклопедиясында, «Ақ желкен» журналында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Оқушылар үшін қаламгердің жүріп өткен өмір жолы, шығармашылық шыңдалуы үлкен қызығушылық тудырғаны анық. Кеш барысында мектептің «Кербез», «Жас қанат» би студияларының мың бұралған бишілерінің орындауындағы қазақ халқының ұлттық билері кешті көріктендіре түссе, «актерлік шеберлік» үйірмесінің мүшелері «Сен қазақсың!» қойылымын ерекше үрдісте орындап, көрермендерін тəнті етті.
 
Осынау тəлімдік, тəрбиелік маңызы зор мəдени шараның өтуіне мұрындық болған республикалық «Гүлістан» журналының пиар менеджері Бəтима Қабдулданова қарымды қаламгер Сара Латиева апайымыздың шығармашылық
қызметімен қатар адами асыл қасиеттерін тілге тиек етіп, мектепке əкелген рухани сыйлығын, 100 кітапты табыс етті. Əдеби шығармалар ішінде Халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреты, ақын Асқар Оразақынның да
туындылары бар. Данышпан Абай: «Кітап – жазушының жүрегінен оқырманның жүрегіне жіберілген айнымас дос» деп көркем туындылардың адам өміріндегі орнын жоғары бағалаған еді. Расында да, кітап- азбас ақыл, баға жетпес байлық, ғылым – білімнің қайнар көзі, тəрбие құралы. Сондықтан да, жастарымызды кітап оқуға неғұрлым көбірек баулудың маңызы зор. Жыл бойы аталмыш мектепке жалпы саны 1000 кітап жеткізілетінін айтқан Бəтима Əскербекқызы мұндай рухани мұра балалардың ой-өрісін байытып, білім көкжиегін кеңейтуге оң ықпалын тигізетініне сенім білдірді. Іс-шараны қорытындылаған мектеп директоры Айтжамал Нұрбатырова
мектеп кітапханасы жаңа кітаптармен толыға түскенін, ең бастысы ел ертеңі жастарымызға тəлімді тəрбие беру ісіне сүбелі үлес қосып жүрген қадірменді қонақтарға, сондай-ақ зейінді шəкірттерге, ұйымдастырушы ұстаздарға
алғысын білдіріп,өзі де мектепке 17 кітап сыйға тартқанын жеткізді. Кездесу соңында жиналғандар естелік суретке түсіп, рухани дүниеден сусындап, тың серпінмен тарқасты.

                                 Мәдени қызметіміз көпшілікке арналады
   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін «Ұлттың рухы-ұлттық өнерде» атты лекция концерт ауданымызда жүзеге асып жатыр. Жуырда Талғар қаласындағы № 49 орта мектебінде «Ұлттық өнер атадан қалған мұра» тақырыбында концерт өтті. «Жыр, терме» тақырыбында ұлттық құндылықтарымызды дəріптейтін концерт
барысында ұлтымыздың жыршылық, термелік өнері дəріптелді. Жастарды өнерге баулып, үйретіп, əрі насихаттап жүрген жезтаңдай жыршы, ҚР Мəдениет ісіне еңбегі сіңген өнер қайраткері, Сыр өңірі-жыр өңірінің тумасы
Набат Ойнарова мектеп ұжымымен, оқушыларын тамаша жыр, термелерімен сусындатты. Нұртуған дəстүрлі жыршылық, ақындық өнер мектебінен тəлім алып, қанат қаққанын алға тартып, өзі де осы мақамды ұстанатындығын
айтты. Кездесу барысында жыршы Набат Ойнарова үкілі домбырасын қолына алып, сөз маржанын тізбектей саз мақамына сала жырлай жөнелді. Сонымен қатар, аталған іс- шарада жыршы Набат Ойнарованың шəкірттері де өз өнерлерін көрсетті. Жыршы шəкірттерінің бірі – 9 «а» сынып оқушысы Əділет Смайыл да қазақтың қара домбырасын қолына алып, өз өнерін көрермендерге ұсынды. Жыршы Набат Ойнарова өз шəкірттерімен бірге қазақтың ұлттық жыр, терме өнерін дəріптеп қана қоймай, осынау баға жетпес рухани құндылығымызды жас ұрпақтың санасына сіңірді. Өнер адамдарының еңбегіне тəнті болған мектеп оқушылары маңызды шарадан мол мағлұмат алып,
рухани азыққа қанығып, тың серпінмен тарқасты.
Р.S.Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы «Мəдениет - ұлттың бет-бейнесі, руха-ни болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мəдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, əлемдік мəдениеттің
алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің төл мəдениеті арқылы ғана басқаға танылады», - деп айтқан болатын. Расында, қазақтың өзге елдер алдында мақтана алатындай рухани байлығы мол.
Байлығымыз ортаймасын. 


                 Шөген спорты шегеленіп келеді
 
 
              Алматы облысының Талғар ауданындағы Т.Рысқұлов ауылында бой көтерген «Almaty horse and Polo club» кешенінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Отаным-тағдырым» жобасын жүзеге асыру мақсатында шөген спортынан Қазақстанның екінші біріншілігі өз мəресіне жетті. Аргентина елінде пайда болған шөген спортынан Қазақстанның алғашқы біріншілігі 2016 жылы өткен болатын. Биылғы екінші ел чемпионатында «Almaty polo club», «Astana polo club», Əулиеата шөген клубы, Ақмола облысының шөген федерациясы, Оңтүстік Қазақстан облысының шөген федерациясы жəне Аққия шөген клубтары бақ сынады. Үш күнге созылған турнирге Қазақстан шөген спорты федерациясының вице- президенті Сəрсен Құранбек, Алматы облысы дене шынықтыру жəне спорт басқармасы ұлттық жəне бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы Алмат Үшкемпіров, Талғар ауданының дене шынықтыру жəне спорт бөлім басшысы Аманжол Нұрманов қатысты. «Бүгінде шөген спорты елімізде қарқынды дамып келеді. Қазақстанның бірнеше өңірлерінде федерациялар ашылып, жемісті қызмет атқарып келеді. «Almaty polo club» пен «Astana polo club» командалары халықаралық жарыстарда топ жарып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр», — деді құттықтау сөзінде Қазақстан шөген спорты федерациясының вице-президенті Сəрсен Құранбек. Алғашқы біріншіліктің чемпионы Əулиеата командасы жартылай финалдық кездесуде алматылық спортшыларға есе жіберіп, үшінші орын үшін Ақмола облысының құрамасымен күш сынасты. Ал «Almaty polo» мен «Astana polo club» командалары финалда кездесті. «Astana polo club» командасының капитаны төртінші кезеңге гол соғып, матчтағы есепке нүкте қойды. Осылайша, «Astana polo club» командасы алматылық ұжымды жеңіп, шөген спортынан Қазақстанның чемпионы атанды. Қазақстан шөген федерациясының вице-президенті Сəрсен Құранбек чемпиондарға арнайы кубокты пен 1 миллион теңгенің сертификатын табыстады. Жарыстың үздік ойыншысы болып «Almaty polo club» командасының капитаны Қуаныш Мұсабеков танылды. Ал «үздік поло пони» болып Кэмиль Мамедовтың «Маусым» атты сəйгүлігі танылды. Айта кетейік, 2012 жылы Өмірзақ Шөкее мырзаны  бастамасымен Қазақстан шөген федерациясының негізі қаланды. 2014 жылы федерация президенті болып Асылжан Мамытбеков мырза сайланды. Содан бері Федерацияның атқаратын жұмысының бірнеше бағыты айқындалып, елімізде полоны дамытудың негізгі алғышарттары жасалды. 2014 жылдың желтоқсан айында Қазақстан шөген федерациясы Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен Халықаралық поло федерациясының Бас Ассамблеясында мүшелікке қабылданды.





Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының 12 сьезінде латын əліпбиіне көшу бастамасын көтерген болатын. Содан бері елімізде осы науқанға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Енді бұл мəселе пісіп жетілді деген пікірге келген билік, латын əліпбиіне көшуде жеделдетуді қолға алмақ. Жаңа қаріптің артықшылығы қандай? Осы жайында бүкіл елде талқылау мен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, осы аптада ауданымызға облыстық ақпараттық насихат тобы арнайы келіп, аудан тұрғындарымен кездесіп, латын əліпбиінің жаңа нұсқасының тиімділігі мен əліпбиге көшудің еліміз үшін маңыздылығын алға тартып, көпшілікпен ой бөлісті. Ақпараттық насихат тобын Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев бастап келді. Құрамында Жетісу мемлекеттік университетінің филология факультетінің оқытушысы Айна Рахимова, облыстық «Жетісу» газеті редакторының орынбасары Жұматай Əміреев, облыстық мемлекеттік істер жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің маманы Бауыржан Сейітовтер бар насихат тобы қаламыздағы №7 мектеп-лицейінің акт залында кездесу өткізді. «Қазақ тілінің латын əліпбиіне көшуі-өркениетке апарар жол» тақырыбындағы кездесуді аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Фарида Бегенбаева ашып, жүргізіп отырды. Ол алғашқы сөзді Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаевқа берді. Өз сөзінде ол тілдің халықаралық мəртебесін көтеру еліміздің əлемдік өркениетке жетуінің басты кепілі екенін, жаңа əліпби бүкіл əлем қазақтарын біріктіретін өте маңызды фактор болып табылатынын тілге тиек етіп, жаңа əліпби жаңарған елдің нышаны ретінде көнені келмеске кетіріп, сананы сілкіндіріп, жадыны жаңғыртып, тілге тəуелсіздік əперіп, мəдени тұтастықты орнықтырып, ақпарат кеңістігін дербестікке жетелейтіні жайлы да айтты. Содан кейін Жетісу мемлекеттік университетінің филология факультетінің оқытушысы Айна Рахимова сөз алып, тарихымызға тереңнен бойлай латын əліпбиінің бұрында қолданыста болғанын айта келе, латын əліпбиінің жаңа нұсқасы туралы тарқата айтып шықты. Əрі қарай өз ойларымен бөлісу үшін жиылған қауымға кезек берді. Қатысушылар өз пікірлерін ашық ортаға салды.
Себебі, қағазбастылық ұстаздар қауымына қолбайлау болып, олардың ұстаздық міндеттерін атқаруына кері əсерін тигізіп отырғанын тілге тиек етті. Өйткені, ертең латын əліпбиіне көшкен жағдайда да барлық ауыртпалық ұстаздар қауымына артылатыны белгілі. Насихат тобына осы мəселелерді түртіп алып, билікке жеткізуін сұрады. Содан кейін №3 орта мектеп мұғалімі Айнұр Момбек латын əліпбиі тек қазақ тілді азаматтар үшін ғана деген ұстаныммен келіспейтінін айтып, елімізді мекен еткен өзге ұлт өкілдерінің барлығы да латын əліпбиіне көшуі керектігін айтты. Өйткені, тіл- ұлттың жаны, болашағы мен бүгіні. Сондықтан, Қазақстан мемлекетін мекендеген кез келген ұлт өкілі латын əліпбиіне қазақ ұлтымен бірге көшіп, ана тілімізді қадір тұтуы керек деген ойын ортаға салды. Бұл мəселені зал тола жиылған қауым да қолдады. Сонымен қатар, қазақ алфабитіндегі 9 əріпті компьютердің клавиатурасына сыймайды деу қисынсыз екенін, əрі орыс сыныптарында білім алып жүрген қаракөздеріміздің кирилицада қалуы ұлтымыздың болашағына балта шабатынын айтты. Латын əліпбиіне көшкенде ел болып, барлық құжаттармен көшу керектігін алға тартты. Содан кейін аудандық мəдениет саласының мамандары Кеңес Баймұханов пен Ғайса Рамазановтар бүгінгі үш тілде ұрпақ тəрбиелеу мəселесін көтеріп, бүгіндегі ана тілімізге қоса орыс тілі мен ағылшын тілін қатар меңгеріп жатқан ұрпақ ертеңгі күні латын əліпбиіне көшкенде қиындық туып, үш тілді де жетік білмейтін дүбəрə ұрпақ тəрбиелеп қалмаймыз ба деген алаңдаушылықтарын білдірді. №16 мектеп оқытушысы Жазира Жанали қазақ сыныптары латын əрпіне көшкен жағдайда мектептерде орыс сыныптары көбеюі мүмкін екендігін айтты. Себебі, баласының басын жаңа қаріптермен қатырғысы келмеген ата-ана бұрынғы кирилицада қалуды жөн санап, баласын орыс сыныбына беруі əбден мүмкін. Мұндай əрекеттен мемлекеттік тіліміздің мəртебесін қайта түсіріп алу қауіпі төнетінін жеткізді. Кітапханашы Нағима Ақанова əліпбиді үйде жұмыссыз отырған азаматтардың оқып, үйренуі қалай болатынын сұраса, аудандық кітапхананың директоры Махамбет Хармысов жаңа нұсқада бір əріптің бір дыбыс болуын сұрады. Жиын соңында сөз алған ауданымыздың құрметті азаматы Найля Үмбетова Елбасының саралы саясаты туралы сөз етіп, ұлттық əліпбиге көшу – қазақ тарихының алдында тұрған сындарлы белес екенін, осы белесте демократиялық тұрғыда бұл саланың мамандары – отандық тіл ғалымдарының, ұлт зиялыларының кеңесіне құлақ түріп, ортақ бір шешімге келетінін айтса, облыстық «Жетісу» телеарнасының тілшісі Құрманжан Қасымжан да өз ойымен бөлісіп отырды. Президент 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ əліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керектігін айтқан еді. Еліміз 2018 жылдан бастап жаңа əліпбиді үйрететін мамандарды жəне орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кіріседі. Ұлттық таңба таңдау — өркениет жолын да таңдау деген мағына береді. Сондықтан да, осы арқылы Мəңгілік ел мұратын тұғырлы ететін тарихи таңдау жасалады деп ойлаймыз біз де.
 

Латын әліпбиіне көшу -заман талабы
Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Талғар медициналық колледжінің мəжіліс залында аудандық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлы мақаласы аясында «Латын əліпбиіне көшу-заман талабы» атты тақырыпта семинар болып өткен болатын. Семинардың басты мақсаты Елбасының мақаласын талдап, жұртшылыққа түсіндіру, Қазақстанды мекендейтін халықтың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға атсалысу, жас ұрпақты ел болашағының тұлғасы ретінде тəрбиелеуге белсене қатысу, қазақ тілінің - мемлекеттік тіл мəртебесін нығайтуға белсенді əрекет ету, латын əліпбиіне көшудің маңыздылығын насихаттау əрі қолдау болды. Сондай- ақ, жергілікті халықтың азаматтық белсенділігін арттыруға қозғау салу жұмыстары қолға алынды. Семинарды аудандық «Қазақ тілі» қоғамының əдіскері Гүлнар Мамырбаева ашып, жүргізіп отырды. Бағдарланған алғашқы түсіндіру, талдау кезеңінде бірінші болып «Кəусар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, спикер, инновациялық білім беру орталығының директоры Н.Б. Үмбетова сөз алып, Елбасымыздың жүргізіп отырған салихалы саясаты, латын əліпбиінің еліміз үшін маңыздылығы туралы айтып өтті. «Таяу жылдардағы міндеттер» тақырыбында «Қазақ тілі» қоғамының əдіскері Гүлнəр Мамырбаева баяндама жасады. Баяндамадан туындаған сұрақтарға жауап берді. Онда негізінен үлкендерге де латын əліпбиін үйрену міндеттілігі, латын əліпбиімен орыс тілі мен əдебиеті пəндерінің жазылып, оқылуы, латын əліпбиіне көшу қанша уақытқа созылатындығы туралы сұрақтар болды. Семинарда ҚР Тіл білімі институтының профессоры, филология ғылымының кандидаты, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Ғарифолла Қабдолқайырұлы Əнес, қазақ тілінің тарихын, жазба тілінің дамуын зерттеуші, филология ғылымдарының кандидаты А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми жұмыстар бойынша негізгі кеңесшісі Бауыржан Жөнкешов, сол институттың араб тілінің кафедрасының қызметкері ғылым кандидаты, аудармашы, ғылыми жетекші Марат Исаевтар ой бөлісіп, ғылыми негіздегі сұрақтарға жауап беріп отырды. Келелі кеңес барысында тақырып мазмұнын тереңдете, жан-жақты кеңінен түсіндіруде бейнекөріністер мен латын алфавитінің нұсқа-жазбалары экранда көрсетіліп тұрды. Семинар соңында аудандық кітапхана директоры Махамбет Хармысов та өз ойын білдіріп, семинарды қорытындылады. Семинар- кеңеске 150 студент, 60 оқушы мен қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің 10 мұғалімі, «Қазақ тілі» қоғамының мүшелері, жастар ресурстық орталығының қалалық өкілдері қатысты. Семинар алға қойған максаттарын тыңдаушысы мен қатысушыларына жеткізе алды. Жиын соңында Тіл білімі институты қызметкерлері өздері ала келген қазақ тіліндегі жаңа медициналық жəне ауылшаруашылық саласына қатысты оқулықтарын көпшілікке таныстырып, студент жастардың қызығушылығын оятты. Р



Ұлттық бірегейлікті сақтау
Жақында Талғар политехникалық колледжінің мәжіліс залында аудандық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Т.Рысқұлов атындағы экономикалық колледжінің, педагогикалық колледждің студенттері мен ұстаздары белсене қатысты. Семинарды «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Рая Байшықова ашып, игілікті іс-шараның мақсаттарымен таныстырды.
«Ұлттық бірегейлік пен таяу жылдардағы міндеттер» тақырыбында «Қазақ тілі» қоғамының əдіскері Гүлнəр Мамырбаева баяндама жасады. Сонымен қатар, «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «ұлттық код» ұғымдарына кеңінен тоқталып, студент жастарға тарқата түсіндіріп берді. Бүгінгі күннің өзекті мəселесі болып отырған «Латын əліпбиіне көшудің терең мəні» тақырыбында тақырыпқа кіріспе ретінде Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының мақұлдауымен таңдалған бейнеүндеулер көрсетілді. Сондай-ақ, педагогикалық колледждің қазақ тілі мен əдебиетінің оқытушысы, араб тілінің аудармашысы Лəйлə Абызова латын əліпбиіне көшудің заман талабы, тарих таңдауы екендігін талдап, түсіндірді. Семинарды қорыту кезеңінде политехникалық колледж студенттері «Латын əліпбиі нұсқалары: қайсысы бізге ыңғайлы?» деген тақырыпта ғылыми-зерттеу жобаларын ортаға салды. Жоба жетекшісі Майраш Көбденқызы «Яналиев пен ұлттық жобаның» өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, тыңдаушыларға тереңірек мағлұмат берді. Семинар соңында экранда латын əліпбиінің ұлттық жобасы көрсетілді. Залдағы қатысушылар берілген мысалдарды, өлең жолдарын еркін дауыстап, хормен оқып шықты. Семинар барысында тақырыпты талқылауда белсенділік танытқан педагогикалық колледждің 2 курс студенті Мұхаммед Тұрсын Хасенов, технология колледжінің оқытушысы Ляззат Сапарбекова, №3 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі пəнінің мұғалімі Айнұр Момбекқызы, экономика жəне құқық колледжінің қазақ тілі мен ағылшын тілінің оқытушысы Альбина Биболова латын графикасының еліміздің болашағы үшін аса маңызды қызметтеріне кеңірек талдау жасады. Семинарға қатысушылар бірауыздан: «Бір дыбыс-бір таңба» деген байламмен өз қолдауларын жеткізді.



 Жастарды елжандылыққа баулитын спорттық шара

Осы аптада Талғар политехникалық колледжінің спорт алаңында Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан, осы оқу орнының түлегі – Генадий Захаровты еске алуға арналған спорттық жарыстар, дəлірек айтсақ, кросс – эстафетасы ұйымдастырылды. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған колледж директоры Ж.Кибекбаев осы игілікті шара дəстүрге айналғанын атап, жастарды елжандылыққа, азаматтық ұстанымды жəне патриоттық сананы қалыптастыруға шақырды. Осынау игі іс-шараға Талғар қалалық «Жауынгерлер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серікқазы Жұмаділов, Ауған соғысының ардагерлері Бауыржан Аукенов пен Рашит Примбаевтар қатысты. Жиналған жастар алдында сөз алған қоғамдық бірлестік төрағасы С.Жұмаділов Ауған жерінде опат болған жас жауынгердің балалық шағы мен майдан даласындағы жауынгерлік жолын, ерлікпен қаза тапқан кезеңін əсерлі баяндап берді. Осыдан соң аға буын өкілдері мен колледж студенттері Ұлы Отан соғысында құрбан болған жерлестерімізге, Ауған соғысында құрбан болған ағаларымыздың ескерткіштеріне тағзым етіп, гүл себеттерін қойды. Жеңіл атлетикадан жүздеген колледж студенттері өздерінің намысы үшін сайысқа түсті. Ең алдымен 60 метр қашықтыққа қыздар арасында 1-орынды №17 топ студенті Мадина Тұрлыкеева иеленсе, ұлдар арасында 100 метр жəне 2000 метр қашықтықта жүлделі 1- орынға алған Айсұлтан Сыдыков көтерілді. №14 топ студенті Рақым Дидар барлық қарсыластарынан өздерінің күштілігімен, жүйріктігімен алға шықты. Топтар арасында өткен эстафетадан 1 орын - №14 топ, 2 орын - №25 топ, 3 орын - №15 топ, арқан тартыстан 1 орын №32 топ, 2 орын №15 топ, 3 орын №11 топ жастарына бұйырды. Колледждің белсенді спортшылары Рафаель Байсериков, Данил Торопов, Диас Манап «Мақтау қағаздармен» жəне медальдармен марапатталды. Жарыс соңынан Ауған соғысының ардагерлері, колледж əкімшілігі жеңімпаздар мен жүлделілерге медальдар мен «Мақтау қағаздарын», ескерткіш сыйлықтарын салтанатты түрде табыс етті. Осы іс-шараны ұйымдастырған ДТІЖО Ж.Құрманғожаева, АƏД пəн оқытушысы А.Нурғалиев, дене шынықтыру пəнінің оқытушылары Қ.Рысбаев, Ш.Дүншебаев, А.Ерғалиев, А.Зейнолда, Ж.Қанағат. Айта кету керек, Ауған жерінде мерт болған жас жауынгер Г.Захаровтың анасы Т.Захарованың науқасына байланысты іс-шараға келе алмайтынын ескерген ДТІЖО Ж.Құрманғожаева жəне №25 топ жетекшісі Ш.Дүншебаев қарт ананың үйіне барып, қал жағдайын біліп, сый-сияпат көрсетті. Арманда кеткен ұлы Генадий Захаровты еске алуға арналған мəдени- спорттық іс-шараның əсерлі сəттерін бейнелейтін естелік- фотоальбомды қоса тапсырды