Краткий тезис доклада акима района



Талғар ауданы әкімі Садыкова Райхан Нұрмұрзақызының

2012 жылдың  әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары туралы баяндамасының қысқаша

Тезисі

 

 

Елбасы алға қойған мiндеттердi орындау жергiлiктi атқару органдарынан  келiсiмдi iс-қимылды және әр түрлi шаралар жүйесiн жүзеге асыруды талап етедi.

Бiздiң Президент жариялаған тапсырмаларды жүзеге асыру жөнiндегi атқарған iстерiмiз 2012  жылғы  ауданның  даму  бағдарламасы  аудан экономикасын жүйелі басқаруды қамтамасыз етіп, жоғары  экономикалық  қөрсеткіштерге  қол жеткізуге,  аудан  тұрғындарының    әлеуметтік – экономикалық   жағдайын  жақсартуға  арналған.

2012 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жалпы алғанда жағымды динамикамен сипатталады. 

Салық  және бюджетке  төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау  жоспары 112,2 пайызға орындалып, нақты 8,9 млрд. теңге түсті. Былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда салық түсімі   1,5  млрд. теңгеге өсті.

Республикалық бюджетке 3,9 млрд. теңге түсіп, болжам 103,8 пайызға орындалды, жергілікті бюджетке 5,0 млрд. теңге (119,6 пайыз) түсті.

Жергілікті   бюджет  бойынша  салықтық  түсімдердің     болжамдық   көрсеткіштері  толық  орындалған.

Ауылшаруашылығында  27,1 млрд.теңгенің жалпы өнімі

өндіріліп, 2011  жылдың салыстырғанда 14,9 пайызға өсті,  ірі  қара, қой мен  ешкі, түйе  және  шошқа  бастары  көбейген.

Бағдарламаға  сәйкес  мал өнімдерін өндіру, мал өнімділігі және төл алу орындалды.

Ауданның   9 ауыл  шаруашылық  құрылымдары  асыл  тұқымды  мал  шаруашылығымен  айналысуда,   олардың  2-і  сүтті , 3-і  жылқы, 1  шошқа  өсіру  және  3 қой  шаруашылығы.

Аудан бойынша 59709 бас саулық қоздап, одан 63465 бас қозы алынды. Яғни, 100 бас аналыққа шаққанда 107 бас қозыдан айналып отыр.

«Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  9 шаруа қожалығы  53,1  млн. теңгеге  несие алуға сұраныс жасап,  оның  36,3  млн. теңгесі  бөлініп   жұмыстар  жүргізілуде. 

Үстіміздегі  жылы  егіс алқабы 39523 гектарды  құрап,  бағдарламаға сәйкес егілуге  қажетті  өнімдер  толығымен егілген.

75821 тонна   шөп, 17500 тонна  пішендеме, 81000 тонна  сүрлем, 10500 тонна  сабан,  22055 тонна  жем  дайындалып,  тапсырмаға  100 пайызға  орындалған.

23885 м2 41 жылыжай шаруашылығы құрылған. Олардан  531 тонна өнім жиналып, қала тұрғындарын қамтамасыз етуде.

 «Апорт» бағдарламасы бойынша 25 га алқапқа апорт сортты алма бағы отырғызылған. 

Ауданда 142 га   алқапқа тамшылатып суару әдісін қолдануда                  ( бағдарлама 141 га).  Оның 25 га   бақ,  қалғандары    көкөніс, бақша  дақылдары.      38,84 га алқапқа жүзімдіктер  отырғызылған.        

Аудан бойынша 53 цех ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен  айналысады. Олармен  2702 млн. теңге  көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдері қайта өңделді,  ол өткен жылғы деңгейімен салыстырғанда   100,7 % құрайды. 

 

Өнеркәсіп өнімі  22,5 млрд. теңгеге өндіріліп, нақты индекс көлемі 132,7 пайызды құрады.

Индустрилизация   картасы   бойынша  дәрі – дәрмек  шығаратын     «Сұлтан»  ЖШС - і  іске    қосылды.

Ауданының 15 кәсіпорынына ИСО халықаралық сапа менеджменті жүйесінің стандарты (оның ішінде 8- өндірістік кәсіпорынға) енгізілді.

 

Үстіміздегі  жылы    кәсіпкерлер өндірген өнім, атқарған жұмыстары мен қызметтер  11,7 млрд теңгені құрап,  2011 жылмен салыстырғанда 108,2 %   өсті.

Бұл  салада  24700 адам жұмыспен  қамтылып,  өткен  жылмен  салыстарғанда   490  адамға  көбейіп  отыр.

Кәсіпкерлік  саладан    бюджетке   1,6 млрд. теңге қаржы  түсіп,  өткен  жылмен  салыстарғанда   793 млн. теңгеге  көбейген. 

Жаңадан 20-дан  аса   жаңа  объект   іске  қосылып,  200-ге  жуық   адам   жұмыс орнымен  қамтамасыз  етілді. 

Кәсіпкерлікті қолдау жөнінде 11 инфрақұрылым объектілері,  11 базарлар,  659  сауда   орындары, 304   қызмет  көрсететін  орындар   жұмыс жасайды.

 

Бөлшек  сауда  айналымы  өткен жылмен  салыстарғанда   24,6 %  артып,  22,5 млрд. теңгені   құрады.   Нақты    индекс   көлемі   120,2 %.  

 

Аудан  экономикасын дамытуға  33,0 млрд.теңге инвестиция салынып, өткен  жылмен  салыстырғанда   149,4 %  (10,9  млрд. теңгеге)   артқан.

 

Жергілікті  бюджеттен    «Қолжетімді  тұрғын үй - 2020» бағдарламасы  бойынша   64 пәтерлі  жалға  берілетін  үйдің    жобалық  сметалық  құжаттарын дайындауға 11,7 млн. теңге бөлініп, жоба  мемлекеттік сараптамадан өтті.

 

Талғар қаласында «Мемлекеттік тұрғын үй» бағдарламасы бойынша коммуналдық 30  пәтерлі  тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттардын дайындауға 9,5 млн.теңге бөлініп, құжаттар  мемлекеттік  сараптамадан өтті. 

Құрылыс-монтаж жұмысының көлемі 28,1 млрд. теңгені құрады немесе тұтыну бағасы индексін ескере отырып, өткен жылдың сәйкес мерзіміне  қарағанда  474 пайыз болды.

Инфрақұрылым салалары бойынша «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында ауыз су жүйесіне:

- Нұра  ауылына  221,8  млн. теңге  бөлініп,  жұмыстар  жүргізілген,  Жаңалық  ауылына  262,4  млн. теңгеге  жұмыстар   жүргізілді. Нысанның аяқталу мерзімі  2013 жылдың қараша айы.

 Талғар  қаласының  канализациялық   желілерін  жөндеу  және  салу жұмыстарына  (3 кезең) 393,2 млн. теңгеге жұмыстар  жүргізіліп, құрылыс жұмыстарын  аяқтау 2013 жылға  жоспарланған.

Талғар қаласы мен Көктөбе, Бесқайнар, Панфилов, Нұра, Алатау, Гүлдала,  Қайнар ауылдық округтеріндегі елді мекендердің автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары мен асфальтауға 296,4  млн. теңге   бағытталған.

Талғар  қаласының   қысқы   күтіп  ұстау  жұмыстарына  11,0  млн. теңге     бөлініп,  жұмыстар  атқарылған.  

 

Елді  мекендерді   жарықтандыру:

- 242,7  млн. теңгеге    Қайнар  ауылдық  округінің  ауылдарына  жарықтандыру    жұмыстары  жүргізілді.

- ауданның  оңтүстік  бөлігінің  электр  желілерін   күрделі  жөндеу   жұмыстарына  20,7  млн. теңге   бөлініп,  жұмыстар  жүргізілді.    

- аудандағы  10  елді  мекендердің  жаңа  құрылыс  аумақтарының  электр  жүйелерін  тарту  үшін  жобалық-сметалық   құжаттарын  жасауға  31,5  млн. теңге  жұмсалған.

- 8,5  млн. теңгеге   аудан  көлеміндегі   көшелердің  жарықтануы  қамтамасыз  етілді.

- 2,1  млн. теңгеге   бағдаршам  орнатылған.

- 2,2  млн. теңгеге   аудандағы  8 бағдаршамның  жарығы  қамтамасыз  етілген.

«Өңірлерді  дамыту»  бағдарламасы  бойынша     ауылдық  округтерді   абаттандыру жұмыстарына    22,6 млн.теңге  бөлініп,  жұмыстар  жүргізілген.

Талғар қаласының  абаттандыру  жұмыстарына  20,8 млн.теңге  қаржы бөлініп,    жұмыстар  жасалған.

 

2012-2013  оқу  жылында  жалпы  аудан  көлемінде   43  орта, негізгі  және  бастауыш  мектептер   және  облыстық  бюджеттен  қаржыландырылатын 1- мектеп интернат,  № 15  мектеп   интернат,  2- оқу  -өндірістік   комбинаты,  3- мектептен  тыс  мекемелер, 24 - бала-бақшалар,  2- музыка  мектептері   жұмыс  жасайды.

Барлығы  1322 класс комплектерінде   26105  оқушылар  білім  алуда.            Аудан  бойынша биыл мектебі  жоқ 13 елді мекеннен 1331 оқушыны тасымалдау ұйымдастырылған.     

 

Республикалық  бюджеттен:

- Талғар  қаласында  320  орындық  жаңа бала-бақшаның   құрылыс жұмыстары  жүргізілуде. Оған  2012 жылы  508,1  млн. теңге  бөлінген.   Құрылыс  жұмыстарын  аяқтау   2013  жылға  жоспарланған.

Жергілікті бюджеттен:

- ауданның  5 елді  мекендеріндегі  (Бесағаш, Кеңдала,  Әлмерек, Колхозшы,  Жаңалық) жаңа  мектеп  құрылыстарының   жобалық  сметалық  құжаттарына  дайындауға 97,1  млн. теңге  бөлініп, мемлекеттік сараптамадан өтті.   

-  5 мектепке  229,6  млн. теңгеге күрделі жөндеу  жұмыстары  жүргізілді. 

Ауданның барлық мектептері Интернет жүйесіне, 18 мектеп   спутниктік арнасына қосылған.  20 мектеп   интерактивті  тақтамен, 12 мектеп лингафон кабинетімен, 16 физика кабинетімен, 10 биология кабинетімен, 8 химия кабинетімен жабдықталған.

 

Ауданның  240   орындық  52 денсаулық сақтау саласындағы    емдеу мекемелерінде 224  дәрігер,  644 орта    денсаулық  сақтау  қызметкерлері  жұмыс  жасайды.  Олармен    10042 адам емделді,  90378  төсек-күн өткізді, орташа есеппен 1 ауру емханада   9   күн  болды.

 Үстіміздегі жылдың  маусым  айында  Гүлдала  ауылында   дәрігерлік   емхана  ашылды.

Аудан  бойынша  1310  жаңа  жұмыс орындары ашылды, бұл жылдық тапсырманың   100 пайызы.

Жұмыспен қамту көрсеткіші былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 100,0 пайызды   құрап, 1302  адам  жұмысқа    орналастырылған.

565  адам  қоғамдық  жұмыстарға  тартылған.

277  адам  кәсіби  даярлық  пен  қайта   оқуларға  тартылған.

309  адамға    6,6  млрд. теңгеге  мемлекеттік   әлеуметтік  атаулы   көмек   көрсетілген.

Жұмыссыздық  деңгейі 0,1 пайызды   құрады. 

Аудандық  жұмыспен  қамту  орталығы  арқылы   15  шағын  кәсіпкер  36,3  млн. теңге  көлемінде   несие  алып  жұмыстарын  жүргізуде.

 

139,0  млн. теңгеге   Қызыл -Қайрат  ауылындағы   Мәдениет  үйіне     жөндеу  жұмыстары  жүргізіліп  іске   қосылды.       

Талғар   қаласындағы    1000 орындық   стадион  құрылысын ақтау үшін  2011-2012 жылдары 107 млн. теңге бөлініп, стадион  құрылысы толығымен аяқталды.

 

Экономика  және  бюджеттік 

жоспарлау  бөлімінің

бастығы                                                                                          А.Сафин