Внутренний анализ аппарата акима Талгарского района за 2017 год


Талғар ауданы әкімі аппаратында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау бойынша аналитикалық анықтамасы
 
Талғар қаласы                                                         4 желтоқсан 2017 жыл
 
«Талғар ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазанындағы № 12 бұйрығымен бекітілген және Талғар ауданы әкімінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 11-104 өк өкімімен «Талғар ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы жұмыс тобы құрылып, осы өкімге сәйкес 2017 жылдың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Аудан әкімі аппараты жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын, 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексін» және т.б Заңдарды, кодекстерді, бұйрықтарды, ережелерді, лауазымдық нұсқауларды  өз қызметін жүзеге асыру кезінде басшылыққа ала отырып, жұмыс жасайды.
Ішкі талдау бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілді.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мына мәселелерді қамтыды:
1.  Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
«Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2017 жылдың І-жартыжылдығының басында штат құрамы - 18 бірлік болса, ал қазіргі кезеңде – 21 бірлікті құрайды.
Бос лауазымдық орындарға Талғар ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс, жалпы конкурстар өткізілді.
Жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс арқылы 6 бос лауазымдық орынға мемлекеттік қызметкер тағайындалды.
Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс арқылы 2 бос лауазымдық орынға мемлекеттік қызметкер тағайындалды.
Жалпы конкурс арқылы 43 бос лауазымдық орынға үміткерлер тағайындалды. Оның ішінде: төменгі лауазымға – 34 бірлік, төменгі емем лауазымдарға – 9 бірлік. Жалпы конкурс арқылы 5 мемлекеттік қызметкерлер тағайындалды.
-   Белбұлақ ауылдық округінің әкімі лауазымына Касымбаев А.Н. тағайындалды;
-  Кеңдала ауылдық округінің әкімі лауазымына Абдыханов К.А. тағайындалды;
-  Талғар қаласының әкімі лауазымына Ауелбаев Ж.К. тағайындалды.
-  Бесағаш ауылдық округінің әкімі лауазымына Арынбаев М.Ж. тағайындалды;
-  Алатау ауылдық округінің әкімі лауазымына Смагулов К.Н. тағайындалды;
-  Бесқайнар ауылдық округінің әкімі лауазымына Адилбеков М.Ж. тағайындалды;
-  Гүлдала ауылдық округінің әкімі лауазымына Жумашов М.А. тағайындалды;
 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестаттау нәтижелері бойынша «атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және мемлекеттік лауазымын жоғарылатуға ұсынылады» шешімін алған 4 мемлекеттік қызметкер жоғары лауазымға тағайындалды.
-         «Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі Аринова Р.Т. «Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің басшысының орынбасары лауазымына;
-          «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі Шамаев А.А. «Талғар ауданының құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы лауазымына;
-         « Талғар ауданының Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы Кервенев К.Е. «Талғар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік – құқық бөлімшесінің бас маманы лауазымына тағайындалды.
-         « Талғар ауданының Кеңдала ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы Берикбаева А.Т. «Талғар ауданының Кеңдала ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімнің орынбасары лауазымына тағайындалды.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестаттау нәтижелері бойынша «атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және мемлекеттік лауазымын төмендетуге ұсынылды» шешімін алған 2 мемлекеттік қызметкер төменгі лауазымға тағайындалды.
-         « Талғар ауданының Гүлдала ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы Айтмаганбетов А.Ж. «Талғар ауданының Кеңдала ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жетекші маманы лауазымына тағайындалды.
-         « Талғар ауданының Гүлдала ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы Жангазиев А.К. «Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жетекші маманы лауазымына тағайындалды.
2017 жыл бойынша таза ауысымдылық (өз еркімен мемлекеттік лауазымнан босатылғандар) – 21 бірлік. Оның ішінде: 9 басқа мемлекеттік емес лауазымға тағайындалғандар, 11 – уақытша жұмыссыз, 1 – денсаулығына байланысты.
Тексеру барысында келесідей заң бұзушылықтар анықталды.
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары талаптарының сақталуын камтамасыз ету.
2016 жылғы 18 қарашада аудандық конкурстық комиссияның мүшелері (комиссия төрайымы: А.Мандыбаева) «Талғар ауданының қаржы бөлімі» ММ-нің бас маманы (Е-R-4 санаты) бос әкімшілік лауазымына Т.Есімді комиссияның № 164 хаттамасы негізінде біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы шешім қабылдап, әңгімелесуге жіберілген.
Алайда аудан әкімінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 10-100-өк өкімімен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес, «Талғар ауданының қаржы бөлімі» ММ-нің бас маманы (Е-R-4) лауазымына әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, оның ішінде экономика, қаржы, есеп және аудит мамандықтары бекітілген, ал үміткер Т.Есім мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша білім алған.
Яғни, жоғарыда аталған біліктілік талаптарының тармақтары сақталмағаны анықталып отыр.
2. Заңның сынақ мерзімін өту шарттары жөніндегі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 11 бұйрығымен (күшін жойған) сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді белгілеудің тәртібін бекіту туралы қағиданың 3 тармағында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш рет кірген, сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген мемлекетік қызметшілер үшін сынақ мерзімі үш айды құрайды деп көрсетілген.
Алайда, тексеру қорытындысы бойынша 2016 жылы 28 наурызда Талғар ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы лауазымына (Е-R-4) тағайындалған (мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш қабылданған) Е.Алашқа сынақ мерзімі бекітілмеген.
Ескерілуге: Жоғарыда аталған заң бұзушылық бойынша кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасынына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тарту мәсәлесі қаралды.
Дәл осындай, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 20- бабына сәйкес мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметшілердің сынақ мерзімінен өту және оларға тәлімгерлердің бекіту туралы бөлігіне жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша қателікке жол бенргендігі үшін жауапты қызметкерлерге: Талғар қаласы әкімі аппаратының жалпы бөлімшесінің басшысы С.Агибаеваға және Панфилов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Д.Нүсіпақынға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
2.Мүдделер қақтығысын реттеу-бұл бағытта фактілер орын алмаған;
3.Мемлекеттік қызмет көрсету- АХАЖ бөлімінде 9 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олар:
1.     Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
2.     Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
3.     Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру.
4.     Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру.
5.     Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
6.     Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
7.     Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
8.     Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
9.     Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
 
4.Рұқсат беру функциясында – бұл бағытта заңбұзушылық фактілері анықталмады;
        5.Бақылау функцияларын іске асыру бойынша-2017 жылдың екінші жарты жылдығында Бөлім тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін кешіктіру бойынша факт орын алған жоқ.
Аудан әкімдігінде 2017 жылдың қарастырылып отырған мерзімі ішінде жеке және заңды тұлғалардан 1436 өтініш, оның ішінде 1341 жеке тұлғалардан және 95 заңды тұлғалардан өтініштер түсті. Өтініштер уақтылы қарастырылып, тиісті жауаптары берілді.
Тексеру барысында келесідей заң бұзушылықтар анықталды.
2017 жылың 6 ай мерзіміндегі АИС ЕУОЛ базасының мониторингі нәтижесі бойынша  «Талғар ауданы  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімшесінің бас маманы К.Х.Кожахметоваға және мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рұқсат құжаттарының мерзімі бұзылып берілгендігі үшін «Талғар ауданы  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімшесінің жетекшісі Д.С.Нургожаеваға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды
Талдау жүргізілген мерзімде аталған мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ. Бөлім басшысының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтар анықталған жоқ.
 
 
Жұмыс тобы мүшелері:                                             А.Досжанов
 
                                                                                      А.Мандыбаева
 
                                                                                      Д.Нұрғожаева
 
                                                                                      Ж.Шапиева
 
                                                                                      А.Смагулова
                     
 
Таныстым:                                                                  А. Әшімахұн