Внутренний анализ ГУ "Отдела образования" 2017 год


БІЛІМ БЕРУБӨЛІМІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН 
ІШКІ ТАЛДАУ БОЙЫНША аналитикалық АНЫҚТАМАсы
 
Талғар қаласы                                            20 қараша 2017 жыл

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына және білім бөлімінің 07.08.2017 жылғы №266-Н бұйрығына сәйкес (әрмен қарай мәтін бойынша - Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
Бөлім Қазақстан Республикасының төмендегідей Заңдарымен жұмыс жасайды, жұмыс барасында Заңдар бойынша қарама-қайшылық орын алған жоқ: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері. Ішкі талдау Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілді.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мына мәселелерді қамтыды:
1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – бөлімде 2017 жылдың бірінші жарты жылдығымен 6 штаттық орында ( бөлім басшысы З.Тюлеева, оқу секторының меңгерушісі-Л.Құрманбаева, бас мамандар-Н.Оралханова,А.Абеуова,З.Садыкова,Қ.Алимжанова) 2 мемлекеттік  қызметкер (З.Садыкова мен Қ.Алимжанова) бала күтіміне байланысты декреттік демалысқа шықты.
Тәртіптік жауапкершілікке және сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне 1- тартылуда. (ол бөлім басшысы З.Тюлеева);
Бүгінгі күні білім бөлімінде кадр жетіспеушілігі орын алуда.
 
1.1.         Мекемеде сыйақы алу бойынша заң бұзушылық болған жоқ, олар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.08.2001 жылғы №1127 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме қызметкерін мемлекеттік бюджет есебінен ақшалай мапапаттау, материалдық көмек көрсету және қызмет ақысына қосымша  ақы төлеу Ережесін негізге ала отырып 2017 жылы сый ақы алғандар:
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңына қарай бөлімнің бас маманы Н.Оралханова-94109 (тоқсан төрт мың жүз тоғыз теңге), бас маманы Қ.Алимжанова -92443( тоқсан екі  мың  төрт жүз қырық үш  теңге) ,бас маманы З.Садыкова-84115(  сексен төрт мың  жүз он бес теңге) алса,
9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай бөлімнің бас маманы Н.Оралханова-9400 (тоқсан төрт мың  теңге), бас маманы Қ.Алимжанова -92000( тоқсан екі  мың    теңге) алса,
04 қазан күні мұғалімдердің төл мерекесіне бөлімнің бас маманы Н.Оралханова-94109 (тоқсан төрт мың жүз тоғыз теңге) алды.
2) мүдделер қақтығысын реттеу - бұл бағытта фактілер орын алмаған;
 
3) мемлекеттік қызмет көрсету – Білім бөлімінде 2016 жылы 21 мемлекеттік қызмет түрінен барлығы 37144 қызмет көрсетілсе, ал 2017 жылдың І жарты жылдығында 13512 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.
Талдау нәтижесінде Бөліммен мемлекеттік қызмет көрсету заңбұзушылық жағдай анықталмаған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдігі туындап отырған мәселе бұл балабақшаларға жолдама беру. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою – жергілікті атқарушы органның көрсететін мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» №172 бұйрығының 2-бөлігі, 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кезектілік нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама беру болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымға жолдама кезекке сәйкес беріледі.
Сонымен бірге,  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы, 4-тармағы, 8-1-тармақшасына сәйкес, қалалық жергілікті атқарушы органы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiтуінің дер кезінде орындамай, қаулыны шығаруда кемшіліктер жіберіліуде.
Жетім балалар, жартылай жетім балалар, ата-аналарының  қамқорлығынсыз қалған балаларды  отбасына орналастырудың баламалы   нысандарын      дамыту мәселесі бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтауға  қатысты ұсыныстарды әзірлеуге қатысады асырап алған балалардың өмір сүру жағдайы,оқу, тәрбиесі мен денсаулығын бақылауын жетілдіруге   қатысты ұсыныстар енгізуде көрсетілетін мемлекеттік қызметте жіберілген кемшілктер кездеседі.
 
 
4) Рұқсат беру функциясында – бұл бағытта заңбұзушылық фактілер анықталмады;
 
5) Бақылау функцияларын іске асыру бойынша – 2017 жылдың екінші жарты жылдығында Бөлім тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін кешіктіру бойынша факт орын алған жоқ.
 
6)Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша.
Бөлімде басқарушылық-ұйымдастырушылық қызметте жіберілген кемшілктері үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 44 бабының 1 тармағына, 3 тармағының 3 тармақшасына сәйкес,ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департемент басшысының орынбасары Д.Қаратайдың 25.07.2017 жылғы №5-9-2-08/3997 хатын басшылыққа алып, «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының м.у.а Құрманбаева Лаззат Сериковнаға өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.
 
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша төмендегідей Ұсыныс береміз:
1. Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Стандарттарды қатаң басшылыққа алып жұмысты жалғастыру.
2. Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру кезінде кезектілікті қатаң сақтау .
 
Комиссия мүшелері:                                                Н.Оралханова
                                                                               С.Султанбай
                                                                               А.Момбекова
                                                                               Г.Хасенова
 
Таныстым:                                                              Л.Құрманбаева