Внутренний анализ ГУ "Отдела предпринимательства" 2017 год


«Талғар ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-сі бойынша сыбайлас жемқорлық 
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
 
Талғар қаласы                                                                4 желтоқсан 2017 жыл
 
         «Талғар ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2017 жылды қорытындылап Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының 8 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес 2017 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
         Бөлім Қазақстан Республикасының төмендегідей Заңдарымен жұмыс істейді (жұмыс барысында Заңдар бойынша қарама-қайшылықтар                            орын алған жоқ): Қазақстан Республикасының Конституциясы;                                            Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдары; Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы; Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасымен; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы                            31 шілдедегі №599 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру; Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы №874 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыс атқарылуда.
         Бөлімге қатысты тексерістер болған жоқ.
         Бөлім басшысы жеке және заңды тұлғаларды әр аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері сағат 10:00-12:00/14:30-17:00 аралығында жеке қабылдау жүргізеді. 2017 жылдың басынан бастап бөлім басшысының қабылдауында әр-түрлі сұрақтармен 25 жеке тұлға болды. Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімшесіне жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы ай сайынғы салыстыру актілері жасалып өткізіледі.
         Талдау жүргізілген мерзімде аталған мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ. Бөлім басшысының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтар анықталған жоқ. Бөлім қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері орнықты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ.
         Бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.
         «Талғар ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі бойынша БАҚ-да сыни мақала болған жоқ.
         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша ұсыныстар:
         Талғар ауданының кәсіпкерлік бөлімінің қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді және құқық бұзушылықтарды болдармау, олардың алдын алу үшін барлық мүмкіншіліктерді пайдалану.
         Талғар ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның, ведомствоаралық комиссиясының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуын қамтамасыз ету.
 

Жұмыс тобы:                                                                        М.Курманалиева
                                                                                               Е.Туралыков
                                                                                               Ж.Амирханова
                                                                                               Э.Ниязова
                                                                                               М.Кабденов
 


Таныстым:                                                                  Е.Алдатаев