Внутренний анализ ГУ "Отдел земельных отношений" за 2017 год


«Талғар  ауданының  жер қатынастары  бөлімі»
мемлекеттік  мекемесінің   сыбайлас  жемқорлық   тәуекелдеріне  
ішкі  талдау  жүргізу   нәтижелері  бойынша аналитикалық анықтамасы
 
 
                                      Талғар қаласы                                                         8 желтоқсан 2017 жыл                                      
 
 
«Талғар  ауданының  жер қатынастары  бөлімі» мемлекеттік  мекемесінде  Қазақстан   Республикасының  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы   іс-қимыл  туралы»  Заңының  8 бабы  5 тармағы   мен    Қазақстан   Республикасы  Мемлекеттік   қызмет  істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігі  Төрағасының  2016 жылғы 19  қазандағы №12 бұйрығына  сәйкес  2017 жылдың 1  жартыжылдығына    сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне   ішкі  талдау  жүргізілді.
         Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі жұмыс  барысында  Қазақстан  Республикасының  Коституциясы, Қазақстан Республикасы Жер кодексімен, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” заңымен  ҚР «Мемлекеттік  қызмет  туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы   күрес  туралы»,  ҚР   Президентінің  2015 жылғы  29  желтоқсандағы  №153  Жарлығымен   бекітілген ҚР  мемлекеттік  қызметшілердің  Әдеп Кодексімен, Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық актілерімен белгіленген өз құзыреті шегінде Талғар ауданының аумағындағы жер қатынастарын реттеу бойынша жұмыстар атқарады.
 Жұмыс   барысында  сыбайлас   жемқорлық  құқық  бұзушылық  жасауға   ықпал  ететін  дискрециялық  өкілеттілікпен  нормалар   анықталған  жоқ.   
   Бөлім  басшысы   ұйымдастырушылық – басқарушылық  қызметі  кезінде Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 18 қарашадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңына және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республика  Президентінің  2014  жылғы  26  желтоқсандағы  №986  Жарлығын  басшылыққа  ала отырып, сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресу  мемлекеттік  органдар  мен  тұтастай  алғанда  барлық  азаматтық  қоғамды  қамту  және  мемлекеттік  қызметкерлер  арасында  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстары  үшін  заңнамада  қатал  жауапкершілік  қарастырылғаны  туралы  тұрақты  түрде бөлім  мамандарына  түсіндіру  жұмыстары  жүргізіліп отырады.  Мемлекеттік  қызметкерлер  арасында   сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениет, сыбайлас  жемқорлыққа  деген  берік  иммунитет  қалыптастыру  керек екендігі жиналыс сайын айтылып, хаттамалық тапсырмалар  беріліп отырады. Сонымен қатар бөлімде сыбайлас жемқорлыққа  итермелейтін   жағдайлар  болған  жоқ.
         Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 01-40 бекітілген бөлім ережесіне сәйкес бөлім Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 27 мамырында қабылдаған 7 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетуде. 
       Атап айтсақ, (Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту; Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру  жобаларын бекiту; Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру; Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру; елді-мекен шегінде құрылыс салу үшін жер учаскесіне құқық табыстау; ауылшаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру) жұмыстары болып табылады. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылады.
        Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43 бабына сәйкес  жер учаскесiне құқық беру тәртiбiнің талаптары толығымен сақталған.
         Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында, ауылдық округтерде құрылған жер мәселесін қарайтын комиссялардың күші жойылып аудан бойынша  жер қатынастарын реттеу саласындағы мәселелерді қарау жөніндегі  жаңа жұмыс комиссиясы құрылды, жер мәселесі бойынша түскен өтініштерді қарастыру барысында, тиісті мекемелерге сұрау салып, керекті ақпараттар алып жан-жақты қарастырылып комиссияның кезекті отырысы аптасына бір рет өткізіліп отырады.
2017 жылдың бірінші жарты жылдығында, Талғар ауданының жер қатынастары бөліміне Президент Әкімшілігінен, Премьер – Министр кеңсесінен, министрліктерден және облыс, аудан әкімдіктерінен келген тапсырмаларымен жеке және заңды тұлғалардан жалпы 2267 арыз шағымдар  келіп түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан 1860,      заңды тұлғалардан 407 арыз шағымдар келіп түскен.
         2017 жылы келіп түскен 2267 арыздар мен өтініштердің  2245 өтініштер мерзімінде жабылған.
Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі 1660 жерге орналастыру  жобаларын бекiтуге өтініш берген.  
         Облыстық аудандық сот орындарында жер мәселесі бойынша 182 істер қаралған.
Сонымен қоса, бөлім Елбасымыздың ерекше бақылауында тұрған мемлекеттік маңызы бар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай»,  «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолдары» (ҮАААЖ), «Бірлік-Алмалық-Рысқұлов-Береке -Ақбұлақ» автожолы құрылысы, «Алматы айналма темір-жолы құрылысы, «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбыры, «Стратегиялық инвесторларды тарту арқылы Алматы қаласы маңында халықаралық авиациялық хабты құру жобасын» іске асыру мақсатында Талғар ауданы аумағындағы  аэропорт құрылысы, Талғар қаласында салынатын 1200 орындық мектеп құрылысы, «Талғар ауданы аумағында іске асырылып жатқан  «Нұрлы жер» бағдарламасына қажетті жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару жұмыстарын атқаруда.
    Ағымдағы жылдың  1 жарты  жылдығында   аталған  бөлімде  Алматы  облыстық   қаржылық –бақылау  инспекциясы  мен Алматы  облысы  бойынша  тексеру  комиссиясының  өкілдерімен  бюджеттен   бөлінген  қаражаттың  Қазақстан  Республикасының   Заңнамаларына   сәйкес   атқарылуы  туралы   аудиторлық   қаржылық –тексеру  жұмыстары  жүргізілді.  Тексеру  барысында  Заң   нормалырына қайшы  келетін   жағдайлар анықталған  жоқ.
Талғар ауданының жер қатынастары бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық факторларын болдырмау шараларының алдын алу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын мүлтікіз орындап, заң бұзушылақтарға  жол бермеу және берілген өтініштермен арыздардың уақытылы және сапалы орындалуы қатаң бақылауға алынған.

Комиссия мүшелері:                                                 Г.Кутыбаева
                                                                                   А.Мусаева
                                                                                   С.Ахметова
                                                                                   А.Байсбаев
                                                                                   М.Кадиржан

Таныстым:                                                                М.Тыныбай