Внутренний анализ ГУ " Отдел жилищно-коммунального хозяйства и жилищной инспекций"


Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы 
БӨЛІМІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ БОЙЫНША АНЫҚТАМА
 
Талғар қаласы                                                  30 қараша 2017 жыл

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына және ТҮКШ және ТҮИ бөлімінің №48 бұйрығына сәйкес (әрмен қарай мәтін бойынша - Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
Бөлім Қазақстан Республикасының төмендегідей Заңдарымен жұмыс жасайды, жұмыс барасында Заңдар бойынша қарама-қайшылық орын алған жоқ: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері. Ішкі талдау Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілді.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мына мәселелерді қамтыды:
1)    Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – бөлімде 2017 жылдың бірінші жартысында бөлімнің сектор менгерушісі өз еркімен жұмыстан босатылған.
Тәртіптік жауапкершілікке бөлім басшысы С.Казиев және бас маман А.Акылжанов тартылған;
Бүгінгі күні білім бөлімінде кадр жетіспеушілігі орын алуда.
 
1.1.         Мекемеде сыйақы алу бойынша заң бұзушылық болған жоқ, олар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.08.2001 жылғы №1127 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме қызметкерін мемлекеттік бюджет есебінен ақшалай мапапаттау, материалдық көмек көрсету және қызмет ақысына қосымша  ақы төлеу Ережесін негізге ала отырып 2017 жылы сый ақы алды.
 
2) мүдделер қақтығысын реттеу - бұл бағытта фактілер орын алмаған;
 
3) мемлекеттік қызмет көрсету – ТҮКШ және ТҮИ бөлімінде 2016 жылы 4 мемлекеттік қызмет түрінен барлығы 428 қызмет көрсетілсе, ал 2017 жылдың І жарты жылдығында 303 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.
Талдау нәтижесінде Бөліммен мемлекеттік қызмет көрсету заңбұзушылық жағдай анықталмаған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдігі туындап отырған мәселе бұл балабақшаларға жолдама беру. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою – жергілікті атқарушы органның көрсететін мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылады.
 
4) Рұқсат беру функциясында – бұл бағытта заңбұзушылық фактілер анықталмады;
 
5) Бақылау функцияларын іске асыру бойынша – 2017 жылдың екінші жарты жылдығында Бөлім тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін кешіктіру бойынша факт орын алған жоқ.
 
6)Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша.
Бөлімде басқарушылық-ұйымдастырушылық қызметте жіберілген кемшілктері орын алған жоқ.
 
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша төмендегідей Ұсыныс береміз:
1.        Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Стандарттарды қатаң басшылыққа алып жұмысты жалғастыру.
 
Комиссия мүшелері:                                                           Қ.Жунисбеков
                                                                                              А.Акылжанов
                                                                                              А.Момбекова
 
Таныстым:                                                                            С.Казиев