Вопросы и ответы
Справочник Талгара
|
Реализация Государственных Программ«Сыбаға» бағдарламасы «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 9 шаруа қожалығы 53,1 млн. теңгеге несие алуға сұраныс жасап, оның 36,3 млн. теңгесі бөлініп жұмыстар жүргізілуде. Үстіміздегі жылы егіс алқабы 39523 гектарды құрап, бағдарламаға сәйкес егілуге қажетті өнімдер толығымен егілген. 75821 тонна шөп, 17500 тонна пішендеме, 81000 тонна сүрлем, 10500 тонна сабан, 22055 тонна жем дайындалып, тапсырмаға 100 пайызға орындалған. Жоспарланған 28,7 ц/га орнына 28,8 ц/га айналып 59510 тонна дәндік дақылдар жиналды. 23885 м241 жылыжай шаруашылығы құрылған. Олардан 281,7 тонна өнім жиналып, қала тұрғындарын қамтамасыз етуде.
«Апорт» бағдарламасы «Апорт» бағдарламасы бойынша 25 га алқапқа апорт сортты алма бағы отырғызылған. Ауданда 142 га алқапқа тамшылатып суару әдісін қолдануда ( бағдарлама 141 га). Оның 25 га бақ, қалғандары көкөніс, бақша дақылдары. 38,84 га алқапқа жүзімдіктер отырғызылған. Аудан бойынша 53 цех ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысады. Олармен 1948,0 млн. теңге көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдері қайта өңделді, ол өткен жылғы деңгейімен салыстырғанда 106,1 % құрайды.
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы Жергілікті бюджеттен «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша 64 пәтерлі жалға берілетін үй мен 30 пәтерлі коммуналдық үйдің жобалық сметалық құжаттары мен инженерлік инфрақұрылымдарына 20,3 млн. теңге бөлініп жұмыстар жүргізілуде.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ауылдық округтерді абаттандыру жұмыстарына 22,6 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілген.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы Аудан бойынша 1265 жаңа жұмыс орындары ашылды, бұл жылдық тапсырманың 97,3 пайызы. Жұмыспен қамту көрсеткіші былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 100,0 пайызды құрап, 1219 адам жұмысқа орналастырылған. 560 адам қоғамдық жұмыстарға тартылған. 277 адам кәсіби даярлық пен қайта оқуларға тартылған. 309 адамға 5,9 млрд. теңгеге мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек көрсетілген. Жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайызды құрады. Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 15 шағын кәсіпкер 36,3 млн. теңге көлемінде несие алып жұмыстарын жүргізуде. |